Атырау, 24 сәуір 07:04
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Әкімдердің бәрі Атырауды құрғатқысы келеді

Сурет
3 845 просмотра


19 қаңтарда облыстық әкімдікте Атырауда дренаж жүйесін салу жөнінде кеңес өтті. Оған «Қазгеология» АҚ директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, 2001-2002 жылдары Атырау облысының әкімі болған Серікбек ДӘУКЕЕВ қатысты.

Аймағымыздың қазіргі басшысы Нұрлан НОҒАЕВ туралы Алматыдан келген 68 жастағы Дәукеев: «Ол көз алдымда өсті» деді. Ғалым-геолог таза қазақ тілінде сөйледі: «Мен орыс мектебінде оқыдым, сондықтан слайдтарды да орыс тілінде дайындап берді, бірақ мен өз ана тілімде сөйлеймін» деп атап өтуді ұмытпады.


Серікбек ДӘУКЕЕВ
- 2001 жылы біз Атырауда дренаж жүйесін сала бастаған кезде, жеті елге мамандар жібердім, өзім Лондонға барып, сол жерде қаланың астына түстім, олардың дренаждары қандай екенін «қолға ұстап көрдім» деуге болады.

Біз қаланың тұрғын үй бөлігінен бірнеше пилоттық жобаларды бастап, оларды тез жүзеге асырдық. Баймұханов көшесінің бойындағы АХАЖ жанынан дренаж салып, газон отырғыздық, осы жұмыстардың нәтижесімен мемлекет басшысы сапар барысында танысты. Привокзальныйдағы үйлердің жертөлелері тазартылды. Нәтижесінде осы аудандағы тұрғын үйлердің бағасы көтерілді. Ерік Мостовой өзегі қалпына келтірілді, одан 500 метр қашықтықта орналасқан үйлердің жертөлелері құрғай бастады. Бұл Атырауда дренаж жүйесін қолдану мүмкін әрі қажет екенін көрсетті... Гидрогеологиялық жоспар құрып, магистралды құбырлардың қай жерде орналасқанын және оларды қайда көшіруге болатынын анықтау қажет. Облыстық мәслихат арқылы: барлық құрылыс салушылар жергілікті дренаж жүйелерін қарастыруға міндетті деген ережені бекіту керек.

Ағымдағы жылдың мамыр айына дейін барлау ұңғымаларын бұрғылау және болашақ дренаж жүйесінің математикалық моделін жасау қажет. Бүкіл жаңбыр суын жинап, кәріз жүйесіне жіберу керек. Тұрғындар септиктерді пайдаланбас үшін кәріз жүйесін дамытып, оған жеке үйлерді қосу қажет. Ерік Мостовойды барынша пайдаланып, оны абаттандырып, каналға айналдырып, қала тұрғындары серуендеу үшін жағалау бойына демалыс аймағын жасау керек.



Содан кейін Гидрогеология және геофизика институтының директоры Малис Әбсаметов:

- Жергілікті жерді мұқият зерттеу керек, суды табиғаттың өзі тартады, бәлкім, оны Атыраудан тысқарыға айдаудың қажеті жоқ шығар, шағын дренаж көлін салып, қайықтарды жалға беретін демалыс орнын жасап, айналасына бақ орнату керек шығар, - деп қысқаша сөйледі.

Н. Ноғаев:

- Жер асты суларының көтерілу мәселесін міндетті түрде шешу қажет. Бұл соңғы кеңес емес, біз бірнеше жобалау институттарының мамандарын тыңдаймыз. Жұмыстар бар, бірақ технологиялар өзгеруде. Бастысы – ниет бар, мүмкіндіктер де болады. Біз бірігіп жұмыс жасауға дайынбыз. Бірінші орынбасарым Сағындық ЛҰҚПАНОВТЫ осы мәселе бойынша комиссия төрағасы етіп тағайындаймын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Марат ТАКУЛИН

19 қаңтар 2018, 20:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.