Атырау, 25 сәуір 10:03
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Әкім халық қалаулыларына риза емес

Толықтырылды Сурет
4 596 просмотра


19 қаңтарда Атырау облысының кезектен тыс ХХ мәслихаты өтті. Онда депутаттар Ерсайын ДҮЙСЕМӘЛИЕВ пен Бөріхан БЕРКІМБАЕВТЫҢ Ақтөбедегі жаңа жұмыстарына байланысты олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлады.

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ 50 жылдық өтілі бар педагог, білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Жайлы ӨМІРБЕКОВАҒА облыстың Құрметті азаматы белгісін табыс етті. Содан кейін ол 18 қаңтардағы Жылыой және Мақат аудандарының әкімдерінің есеп беру жиналыстарына бару сапарының қорытындысы бойынша мәслихат депутаттарын сынға алды.

- Облыстық және аудандық мәслихаттардың кейбір депутаттары өз өкілеттіктерін орындамайды. Облыстық мәслихаттың 27 депутатының жартысына жуығы қалалық округтер бойынша сайланған. Өкінішке орай, қалада тұратын депутаттар аудандардағы ахуалдан бейхабар. Асылбек ЖӘКИЕВ, Ерлан ТІЛЕПОВ, Бөріхан БЕРКІМБАЕВ кеше есеп беру жиналысында болған жоқ. Серік Нағымұлы (облыстық мәслихат депутаты Серік ИДРАНОВ), сіздің жұмысыңыз да көрінбейді.  Сізді «Нұр Отан» партиясы ұсынды – мен, облыстық филиалдың төрағасы ретінде мұнымен келіспейтіндігімді мәлімдеймін. Алдағы уақытта: Нұрлыбек Жұмахметұлы (облыстық «Нұр Отан» филиалы төрағасының орынбасары Нұрлыбек ОЖАЕВ), облыстық және аудандық мәслихаттарға жергілікті тұрғындарды ұсыныңыздар. Әйтпесе, депутаттар аудандарға тек есеп беру кезінде немесе әлдебір делегацияның сапары кезінде ғана аяқ басады.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

P.S.: «АЖ» редакциясына Мақат тұрғындарының бірі хабарласып, келесілерді хабарлады: аудан әкімінің есеп беру жиналысына облыстық мәслихаттың депутаттары Ерсайын ИХСАНОВ пен Серік ИДРАНОВ қатысты, оларға екі жиналысқа қатысушы тұрғын жергілікті спорт мектебіне автобус және ардагерлерге шипажайда ем-дом алуға жолдамалар мен түрлі медициналық құралдар алып бергендері үшін алғыс айтты. 

19 қаңтар 2018, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.