Атырау, 29 наурыз 14:45
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Лавров: Иранның ядролық келісімнен шығуы алаңдатады

2 304 просмотра


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранның әлемдік державалармен жасақан ядролық келісімнен шығуы халықаралық қауымдастыққа «үрейлі белгі» беретінін ескертті. 

Лавров 18 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің жаппай қырып-жою қаруының таралуымен күресте сенімді нығайту шаралары жөніндегі отырысында сөйледі.Ол АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен 2015 жылы жасалған Иранның ядролық бағдарламасын шектеу туралы келісімнен шығамын деп ескерткеніне байланысты мәлімдеме жасады.

«Әрине, бұл жоспардың әсіресе бір жақтың іс-әрекеті салдарынан күйреуі халықаралық қауымдастықты түзетін барлық тарапқа, оның ішінде Корей түбегіндегі ядролық мәселенің шешіміне қатысты бірдей алаңдатарлық белгі болатыны анық» деді Лавров. Ресей министрі Трамп әкімшілігіне қатысты астарлы үндеуінде «Біз кейбір елдердің саяси мақсатына бола халықаралық дипломатияның шынайы жетістігінен бас тарта алмаймыз» деді.

Осы аптаның басында Лавров Мәскеуде егер Тегеранмен келісім бұзылатын болса, онда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын санкцияны жоюдың есесіне ядролық қарудан бас тарту ұсынымен келіспейтінін айтқан.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қаңтар айында төрағалық жасайтын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореяны Қазақстаннан үлгі алып, ядролық қару жасау пиғылынан бас тартуға шақырды. «Қазақстан халықаралық беделін «ядролық қарудан бас тартып, ядролық державалардың агрессиясына ұшырамайтынына кепілдік алған мемлекет» ретінде нығайтып алды» деді Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында.

Дереккөз: azattyq.org

19 қаңтар 2018, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.