Атырау, 25 сәуір 09:04
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Еліміздегі барлық мешіттерде бақилық болған өзбектерге дұға жасалады

2 262 просмотра


Бүгінгі жұма намазында еліміздің барлық мешіттерінде қайғылы жағдайда қаза болған өзбек азаматтарына арнайы дұға жасалады деп хабарлайды NUR.KZ

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланған.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысында жолаушылар көлігінде шыққан өрттен қаза болған бауырларымыздың қайғысына ортақтасып, Өзбекстан мұсылмандарына хат жолдады. Сонымен қатар Бас Мүфти Серікбай Ораз еліміздің барлық имамдарына бүгінгі жұма намазында қаза болған өзбек ағайындардың рухына дұға бағыштауды сұрап, жедел хат жолдады", — деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қаңтар күні Самара-Шымкент тас жолында, анығында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде 57 адам отырған автобус өртеніп, 52 өзбекстандық азамат қаза тапқан болатын.

Кейіннен аман қалған 5 адамның үшеуі қазақстандық екені анықталды. Олардың барлығы да ОҚО тұрғындары.

Дереккөз: nur.kz

19 қаңтар 2018, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.