Атырау, 25 сәуір 18:15
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жолдар, тротуарлар туралы

4 451 просмотра


2017 жылдың аяғында «Атыраукөлік» ЖШС мен «Атырауинжстрой» ЖШС  63 көшеге 52 шақырым тас жолды салып бітірген. Биыл 311 көшеге 200 шақырымнан астам тас жол төсеуді аяқтау жоспарланған. Бұл туралы ӨҚК-да өткен брифингте қалалық ТКШ басшысының орынбасары Рафхат ЖОЛДАЕВ хабарлады.

«АЖ» сауалдары:

- Көшелерді асфальттау қалай жоспарланады? Мәселен, қала сыртындағы Дамбы ауылында шағын көшелерге дейін тас жол төселсе,  Еркінқала-2 тұрғындары жолдың жоқтығынан қиындық көріп отыр. Тасқала-3 ауылында Ж. Бигалиев көшесін қалдырып кетсе, Балаусада №30, 32 көшелерге жол салынбаған.

- 2015-2016 жылдары Балауса ықшам ауданының негізгі күретамыры болып салынатын 15 көшесіне асфальт төселді, ал №30, 32 көшелерге жобалау-сметалық құжаттар жасақталған соң салынады. Негізі, біз әр жылдың басында округ әкімдерінен тас жолды қажет ететін көшелердің тізімін сұрап, хат жолдаймыз. Оның сметалық- жобасы да солардың ұсынысы бойынша салынады. Тасқала-3 ауылында 14 көшеге тас жол төсеу бойынша сметалық құжаты жасақталып, қазір сараптамадан өтуге дайындалып жатыр. Соның ішінде №5 Ж. Бигалиев атындағы көше де бар. Ал, Еркінқала-2 ауылына толықтай 50 көшеге де құжаттар дайындалуда.

- Қала көшелерінде аялдамалар мен тротуарлар жетіспейді. Есесіне, «Жұлдыз-1» ықшам ауданында ені көлік сиятындай тротуар салыныпты. Биыл қала бойынша қанша көшелерге тротуарлар салынды?

Қуанышбек Қабдығалиев

 Сауалға ТКШ-нің бас маманы Қуанышбек ҚАБДЫҒАЛИЕВ жауап берді:

- «Жұлдыз-1» ықшам ауданындағы №6 орталық көшенің ені 6 метр және ол жерде халық көп жүретіндіктен, көшенің көлеміне қарай тротуардың ені де үлкен. Қала бойынша салынып жатқан 311 көшенің ішінде тротуарлар салу да қарастырылған.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Фото автордыкі

19 қаңтар 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.