Атырау, 20 сәуір 04:25
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Шымкентте кәнігі қарақшылар тобы ұсталды

2 192 просмотра


Шымкентте қарақшылықпен айналысқан төрт адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі.

2018 жылдың 8 қаңтарында Шымкент қаласы ІІБ Еңбекші бекетінің кезекші бөлімшесіне дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, азық-түлік дүкеніне бетін бүркеген белгісіз біреулер кіріп, сатушыны шолақ мылтық және шоқпармен қорқытып, сексен мың теңге қаражатты тонап кетіпті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Жас жігіттер дүкендерді ғана емес, букмекерлік кеңселер мен жанармай бекеттерін де тонаумен айналысқан екен.

Мәселен, былтыр қылмыстық топ Сарыағаш ауданындағы букмекерлік кеңсеге шабуыл жасаған. Сол жолы оператор қызды қарумен қорқытып, 250 мың теңге тонап кеткен.

Олардың жеті қарақшылық шабуылға қатысы бары анықталды. Сотқа дейінгі амалдар жүргізіліп жатыр, күдіктілер қамауға алынды.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 қаңтар 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.