Атырау, 19 сәуір 07:19
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АҚШ-тың экс-елшілері Трамптың Африка жайлы сөзіне наразы болды

1 853 просмотра


АҚШ-тың Африка елдеріндегі бұрынғы ондаған елшісі президент Дональд Трамптың атына үндеу жолдап, оның Африка елдеріне қатысты айтқандарына алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, Америка мүддесін қорғауда сыйластық маңызды рөл атқарады.

Трампқа хатты 78 елдің бұрынғы елшілері мен мемлекеттік хатшының Африка бойынша бұрынғы көмекшісі Линду Томас-Гринфилд жазған. Хат иелері президентті "құдайдың теңдессіз сыйлаған табиғи ресурстарға бай" және АҚШ-пен терең тарихи байланысы бар 54 мемлекеттен құралған құралған құрлыққа деген көзқарасын өзгертуге шақырды.

Трамп болса, өткен аптада иммиграция жөніндегі заң жобасын кері қайтарған кезде, Африка елдерін "тесік-елдер" деп атағанын теріске шығарды. Алайда куәгерлер оның осылай айтқанын нақтылайды. Трамптың сөздеріне байланысты Африкамен одақтас елдер наразылық білдірген болатын.

Бұған дейін баспасөз құралдары қаңтардың 11-і күні Трамптың Ақ үйде Конгресс мүшелерімен кездесу барысында Африка елдері мен Гаитиден мигранттардың келуіне қарсылығын білдіріп "дөрекі сөз айтқанын" хабарлаған.

Дереккөз: azattyq.org

19 қаңтар 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.