Атырау, 18 сәуір 12:03
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты Үкімет комиссиясы құрылды

1 822 просмотра


Ақтөбедегі өртке қатысты Үкімет комиссиясы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы маңында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.  «Ақтөбе облысында болған жағдайға байланысты жапа шеккендер мен қаза болған адамдардың отбасына көмек көрсету үшін Үкіметте ведомствоаралық комиссия құрылды», - деп мәлім етті Алмас Садубаев. 

Оның айтуынша, комиссия құрамында Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Ардақ Мәдиев, құқық қорғау органдарының өкілдері бар. 

Айта кетейік, оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар қызметі, психологтар мен дәрігерлер жетті. Ырғыз аудандық ауруханасы 6 маманын жіберді. 

Дереккөз: inform.kz

18 қаңтар 2018, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.