Атырау, 24 сәуір 05:45
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Өзбекстан ТЖМ Ақтөбе облысында қаза тапқандардың денесін ұшақпен алып кетеді

1 826 просмотра


Өзбекстан Ақтөбе облысында қаза тапқандардың денесін алып кету үшін ұшақ дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Рейсті Ташкенттен жіберуді жоспарлап отыр. "Қазір рейске дайындап жатыр. Ташкенттен", - деді ведомстводағылар.  Сонымен қатар, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев төтенше жағдайдан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы комиссияның құрылғанын хабарлады. 

"Комиссияның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен облыстық басқа органдарының өкілдері бар", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев. 

Сондай-ақ Өзбекстан консулы Алматыдан Ақтөбе облысына аттанғаны белгілі болды.  ТЖД Жедел-құтқару жасағының психологы Жансая Қазиеваның айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендер Ақтөбеге жеткізіліп жатыр.

Осыған дейін өртенген автобустың фото мен видеолары және аман қалғандардың аты-жөні жарияланған болатын. Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. 

Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қаңтар 2018, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.