Атырау, 25 сәуір 04:26
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​АҚШ Күрд әскери күштерімен байланысын жоққа шығарды

2 049 просмотра


Сүриядағы күрд әскери топтары бұдан былай АҚШ бастаған  "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күресуші коалицияға кірмейді. Бұл туралы Американың әскери қимылдарына жауапты тұлғалар мәлімдеді. 

Аталған шешім Түркия АҚШ-тың  Сүрияның шекаралық аймақтарындағы әскерлер санын 30 мыңға дейін жеткізу туралы мәлімдемесі мен күрд топтарымен тізе қосып, тығыз әріптестікте болуына қарсылық білдіргеннен кейін орын алып отыр.  

Осы хабарламасы арқылы АҚШ Түркия шекара асып, Күрд адамдарын қорғау одағы (YPG) деп аталатын әскери топтардың көзін жоюға байланысты қимылдарға барса, оларды қорғауға күш салып, Анкараның жолына тосқауыл болмайтынын білдірді. 

Осыдан алдын Түркия мен оның батыстық серіктестері Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланысы болғаны үшін "террористік топ" деп таныған YPG ұйымына әскери интервенция бағыттауы мүмкін екенін хабарлаған болатын. 

Осыдан бұрын АҚШ Күрд әскери топтарының Сүриядағы террористік топтарға қарсы күреске қосқан үлесін ерекше бағалап, оларға әскери техника, қару-жарақ беру арқылы қолдау көрсетіп келген еді. 

Енді Пентагонның баспасөз хатшысы Әл-Жазира ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында YPG күштері орналасқан Африн аймағында АҚШ бастаған әскери коалицияның жоқ екендігін, Американың "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күресі Ефрат өзенінің жағалауында жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

17 қаңтар 2018, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.