Атырау, 28 наурыз 21:57
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Қазақстан Ресей ықпалынан шыға бастайды», «Ресей элитасы АҚШ санкциясынан қауіптенеді», «Дос Көшім, саясаттанушы: Президент әлі тың, тағы да сайлауға түсеріне талас жоқ», «”Алты Алаштың” басын АҚШ біріктіре ала ма?», «Көрермен аз деп қашанғы алдайды?».

2 737 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Аймақтық қауіпсіздік пен саяси жағдай туралы диалог» - Совет Одағы тарап, жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылған алғашқы күндерден бастап АҚШ пен Қазақстан арасында ерекше қарым-қатынас орнады. Бұл әсіресе АҚШ-тың Орталық Азияның басқа елдерімен арадағы қарым-қатынасымен салыстырғанда анық байқалады. Азаттық АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы елшісі Уильям Кортниді әңгімеге тартқан еді.

«Ресей элитасы АҚШ санкциясынан қауіптенеді» - «АҚШ Ресейге қарсы санкцияларын кеңейтіп, Кремльдегі орта деңгейлі шенеуніктер мен бизнес өкілдерін қара тізімге қосады екен» деген әңгіме шыққалы Мәскеудегі біраз адамнан маза кетті.

«Қазақстан Ресей ықпалынан шыға бастайды» - Желі қолданушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында қандай мәселелерді талқылайтынын айтып жатыр.

QAZAQTIMES.COM.  «”Алты Алаштың” басын АҚШ біріктіре ала ма?» -  Ақпарат көздері президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрама Штатқа жетіп, ресми сапарын бастағанын хабарлауда. Орталық Азияның және басқа елдердің де ақпарат құралдары Қазақстан-АҚШ немесе АҚШ-Орталық Азия тақырыбын көбірек талқылай бастады. 

QAZAQUNI.KZ. «Қайнар Олжай: «Баян Сұлуды» көрген шетелдіктер көшпенділер мәдениеті туралы не ойлайды?» - Тұнық тіл мен нәзік діл не, асыл дініміз де аяққа тапталды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» алдымен біз үшін, сосын болашақта тарихи фильм түсіруге талпынған жастар үшін сабақ болады.

«Б. Момышұлы: “Қазақ тілінің беделін түсіріп, бүлдіретіндер өте қауіпті, зиянды болғандықтан, барлық орыннан  қуылуы керек”» - Осы кезде қаладағы қазақ ұл-қыздарының төрттен үшінен көбі орыс мектептерінде оқығандықтан, ана тілден хабарсыз жастар өсуі молайып келе жатыр. Олардың ата-аналары орыс мектебінде оқытуға мүлде әуес-ақ.

 AIKYN.KZ. «Сот сараптамасында реформа басталды» - Сот-медициналық сараптама қызметінің 56 дәрігері, мейірбикесі және санитары жұмыс орнында – туберкулез, тағы 26 қызметкері вирустық гепатит жұқтырған. Бұл туралы кеше Мәжілісте вице-спикер В.Божконың төрағалығымен өткен Үкімет сағатында мәлім болды. 

EGEMEN.KZ. «Көрермен аз деп қашанғы алдайды?» -  Атақты Pixar студиясының кезекті туындысы «Коконың құпиясы» анимациялық фильмі қазақ тіліне дубляждалды дегенді естіп, жұмыстан шыға сала кешке қарай тайлы-тұяғымызбен кинотеатрға ағылғанымыз бар. «Бақсақ бақа екен» демекші, фильмнің қазақ тіліндегі сеанстары кешкі уақыттарда көрсетілмейтін болып шықты.

ZHASALASH.KZ. «Дос Көшім, саясаттанушы: Президент әлі тың, тағы да сайлауға түсеріне талас жоқ» - Меніңше, ешқандай кландық күрес, олигархтық топтардың арасында билік үшін «қантөгіс соғыс» болмайды. Біздің олигархтар  ақылды, өлер жерін білетін жандар. Бір-бірімен ұстасудан ештеңе шықпайтынын олар жақсы түсінеді. Олар дөңгелек үстелдің басында өзара келісімге келіп, майшелпекті бейбіт түрде бөліп жеуге келіседі деп ойлаймын. Екіншіден, транзиттік мәселені қозғаудың өзі де ертерек сияқты. Президент әлі тың, тағы да сайлауға түсетіндігінде талас жоқ.

«Айдос САРЫМ. Әншінің омырауы мен бишінің көйлегін талқылап отыру нағыз бейшаралық!» - Жаңа заманды, жаңа Қазақстанды жасайтын, жасақтайтын билік те емес, өзін нағыз оппозициямыз деп жүрген әблязовшыл топтар да емес, жер бетінде жаңа халифат құрамыз деп үміттенген әсіре діншілдер де емес. Жоғарыда айтылған патриот кәсіпкерлер, кәсіби мамандар, аумалы-төкпелі заманда салқынқанды ой-зердесін, өзіндік пікірі мен прагматикалық ақыл-есін сақтаған, былыққа батпаған, жалғаннан шаршаған, үмітін үзбеген, арманына адал мыңдаған, миллиондаған қазақ азаматтары. Олар партия бастамас, қозғалыс құрмас, билікке таласпас. Бірақ, ұлттық экономиканы және әлеуметтік ортаны жасайтын осылар. Осылардан басқа ешкім жасай алмайды.


17 қаңтар 2018, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.