Атырау, 28 наурыз 14:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ауа апат салдарынан бұзылды ма?

2 540 просмотра


15 қаңтарда кешкісін, Атырау облысында ЖЭО-дағы апат салдарынан электр энергиясының іркілістері орын алған кезде, АМӨЗ маңында орналасқан ауа сапасына мониторинг жүргізу станциясы жұмыс жасап тұрды.

Аспаптар ауада күкірсутек құрамы бар екенін тіркеді: «Перетаска» станциясында сағат 19 бен 23 аралығында шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) 1,3 есе көп, «Пропарка» станциясында 1,5 есе көп ШРК тіркелді.

Ал қала тұрғындары қаланың ескі бөлігіндегі оң жақ жағалауда «шіріген жұмыртқаның» иісі Азаттық даңғылы бойындағы сол жақ жағалауға қарағанда қатты шығып тұрғанын айтады. Алмагүл мен Жилгородок ықшамаудандарынан да сол күні ауада улы заттар болды деген шағымдар түсті. 

Кәсіпорындардың зиянды шығарындыларды қала үшін қауіпсіз болатын жел бағытына бейімдеп, түнгі сағат 2-3-тен кейін шығаруға тырысатыны ешкімге құпия емес. Кейбір оқырмандар кешкісін электр энергиясындағы іркілістер салдарынан кәсіпорындарда автоматты түрде шығарындылар командасы іске қосылып кетіп, аяқ астынан ауа бұзылған болар деп жорамал жасап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қаңтар 2018, 21:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.