Атырау, 24 сәуір 11:34
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Сол жақ жағалау жарықсыз қалды-2

3 773 просмотра


ЖЭО-дағы апат туралы ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Мейірбек ҒҰБАШЕВ толық айтып берді.

Апат 15 қаңтарда сағат 21-де орын алды. Станция жабдығымен электр энергиясын өндіру екі есеге -  298-ден 154 мегаваттқа дейін қысқарды. Бірінші болып – қуаты 60 мегаватт болатын №6 турбинаның байланыс трансформаторындағы газ қорғанысы іске қосылды, содан кейін №12 турбина (100 мегаватт) тоқтады.

Сол кезде жұмыс жасап тұрған 10 турбинаның (№5 жөндеуде тұр) 8-і қосулы болды. Жедел жөндеу жұмыстарынан кейін №12 турбина іске қосылды. Бүкіл проблемалардың жойылғаны туралы бұрынғы хабарламаларға қарамастан, №6 турбина әлі күнге дейін жөндеуде тұр.

М. Ғұбашев ЖЭО республикада демалыс күндері басталған энергия тапшылығының («КОРЭМ» АҚ сайтындағы диаграмманы қараңыз) орнын толтыруға тырысты деген ықтималдылықты жоққа шығарды.


- Электр энергиясымен қамту тұрғысында батыс облыстары оқшау қалады. Атырау облысы Ресеймен және Маңғыстау облыстарымен сыммен ғана жалғанған. «KEGOC» жүйесі операторының желісінде апат болған жоқ. Маңғыстау энергия комбинаты тіпті қазірдің өзінде бізге көмекке 50 мегаватт ток беріп, қол ұшын беруді жалғастыруда.

Облыстық ТЖД мәліметтері бойынша, ең соңғы болып Мақат ауданына жарық берілген. Бұл 16 қаңтарда сағат 10-да болған. Алайда тұрғындардың шағымы бойынша басқаша көрініс байқалады: түске дейін Индер мен Жылыой аудандарының ауылдарында жарық болмаған, жеке жылу қазандықтары қосылмаған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қаңтар 2018, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.