Атырау, 20 сәуір 13:15
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Демократия мен адам құқығы айтылмайды», «Азаптау шағымы "Ерімбетов ісінің" сипатын өзгертті», «Қытайдағы қазақтардан «құтылдың», Қазақстан!», «”Қамқоршылар” қайда қалды сол кезде?», «Кейт Тестер: Ұлттық банк шағаланы қолданғанын мойындасын».

2 715 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Азаптау шағымы "Ерімбетов ісінің" сипатын өзгертті» - Құқық қорғаушылар жұртты қамаудағы бизнесмен Ескендір Ерімбетов "азаптауға ұшыраған жоқ" деп сендіруге тырысқан тергеу әрекеті бәрі керісінше болғанын дәлелдейді деп санайды. Олардың пікірінше, бұл жағдай "Ерімбетов ісіне" қатысты айыптаулардың мәнін өзгертті.

«Демократия мен адам құқығы айтылмайды» - Қазақстандық сарапшылардың пайымдауынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарында демократия мен адам құқығы мәселелері талқылануы екіталай. Мамандар “АҚШ президенті Дональд Трамп пен Назарбаев Ұлттық қордың америкалық банкте "бұғатталып жатқан" ақшасы сөз етуі ғажап емес” дейді.

«Кейт Тестер: Ұлттық банк шағаланы қолданғанын мойындасын» - Қазақстан теңгенің жаңа банкнотында суретімді қолданды деген канадалық фотограф ұлттық банктен жауап күтеді. Даулы банкноттағы суреттердің иесімін деген шетелдік фотографтар авторлық құқықтарын қорғау үшін біріге бастады.

«Орыс жастарында ой жарыстыру бар» - Қазақтілді жас жазушылардың қатарында белгілі шығармашылық өкіліне айналған Аягүл Мантай Азаттыққа әдебиет, қоғам, жемқорлық, не себепті Мәскеуге кеткені және ішкі ізденістері туралы әңгімеледі.

ABAI.KZ. «Қытайдағы қазақтардан «құтылдың», Қазақстан!» - Қытай құрсауындағы қазақтар қазір күнде таңартең, кешке ханзу тілінде саяси әндер айтып, сабақ алуда. Үйіндегі, мекен-жайындағы ұлттық өрнектерден ада болуда. Си цзиньпинді «әкем» деп сөйлейтін белсенді қазақ әйелдері төбе көрсете бастаған. Екі жүзді сатқындар көбейген. Қазақ бірінің үстінен бірі арыз айдап, тыңшылық жасауға кіріскен. Сөйтіп, амал кем, бір жарым миллион қазақ қор болып, қорлықта кетіп барады.

«”Қамқоршылар” қайда қалды сол кезде?» - Апыр-ау, деймін іштей, осыдан біраз уақыт бұрын ғана қазақтың жері сатылмасын да, жалға да берілмесін деп атыраулық қос боздақ Талғат Аян мен Мақсат Боқаев жанын шүберекке түйіп, күреске шыққанда не Асанәлі ақсақалдың актер болып, не Нұрлан Оразалиннің Жазушылар Одағының төрағасы болып оларды жақтап бір ауыз сөз айтпақ түгіл, үндері шықпай қалып еді ғой. Бұл «қамқоршылар» сол кезде қайда болды? 

RATEL.KZ. «Марат Бекетаев: Бұғатталған ақша мәселесі тез шешілмейді» - ҚР Ұлттық қорының бұғатталған 22 миллиард долларының мәселесі тез шешіле қоймайды, деп мәлімдеді Әділет министрі Марат Бекетаев.

«Теңге қалай күшейді» - Алғашқы екі аптаның ішінде теңге АҚШ долларының позицияларының бір бөлігін қайтып алды. Алайда, бұл үрдістің қаншалықты тұрақты болатыны туралы сұраққа нақты жауап жоқ, дегенмен теңгенің долларға деген әлдеқайда күшею мүмкіндігі әлсіреу мүмкіндігінен әлдеқайда көп.

QAZAQTIMES.COM.  «ҚР президентінің АҚШ сапарынан не күтеміз?» -  Президенттің бұл реткі Уашингтон сапары Ақ үйге Трамп билік еткеннен бері бірінші рет жасалғалы отыр. Қыркүйекте телефонда сөйлесу кезінде Трамп Назарбаевты Құрама Штатқа шақырған болатын. 

AIKYN.KZ. «Атаулы әлеуметтік көмек: жаңа жобаның тәртібі қалай?» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші тармағында әлеуметтік саясатқа айрықша тоқталып, жұмыспен қамту, адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында атап өтті. 


16 қаңтар 2018, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.