Атырау, 29 наурыз 15:36
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қостанай облысында лифтіде қалып қойған жасөспірім қайтыс болды

2 530 просмотра


Қостанай облысынының Лисаковск қаласында лифтіде екі бала қалып қойып, бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі alau.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 қаңтар күні болған. Мұны Лисаковск прокуроры Еркін Тайкешов растады.

Прокурордың айтуынша, 12 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында 6 ықшам аудандағы үйлердің біріндегі лифт істен шығып, оның ішінде екі жасөспірімнің қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Жасөспірімдердің біреуі лифтіден өз бетінше шықпақ болған. Сол кезде лифт іске қосылып кеткен. Оқиға орнынан 2002 жылы туған баланың мәйіті табылды. Екінші бала тірі, оның денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Ол эвакуацияланды», - деп хабарлады Еркін Тайкешов.

Қазір ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Дереккөз: baq.kz

14 қаңтар 2018, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.