Атырау, 29 наурыз 18:11
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​АҚШ билігі Иранға жаңадан санкция салуға ниетті

2 101 просмотра


Ақ үй әкімшілігі өкілдерінің хабарлауынша, мәселені президент Дональд Трамп пен елдің мемлекеттік хатшысы талқылап жатыр. Алайда олардың бастамасына Еуроодақ пен бірқатар мемлекет қарсы екенін айтты. 

Өйткені бұл 2015 жылы қол жеткізген Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімді бұзады. АҚШ басшылығы Иранға қарсы жаңа санкциялар салуға ниетті. Бұл туралы елдің қаржы министрі Стивен Мнучин мәлімдеді. 

Естеріңізде болса, Иранға қарсы салынған санкция 2016 жылдың қаңтарында алынған. Өйткені Тегеран «ядролық бағдарламаға» қатысты келісімде көрсетілген өз міндеттерін толық орындады. 

Алайда баллистикалық зымырандар мен кейбір ұйымдарға және жекелей азаматтарға салынған санкциялар сол қалпында қалған. 

Стив Мнучин, АҚШ қаржы министрі: - Иранға қарсы жаңа санкция жарияланады деп ойлаймын. Келісімге өзгеріс енгізу қажеттігін президент ашып айтты. 

Иран келісімінде көрсетілген міндеттерден бөлек мұнда адам құқығы, баллистикалық зымырандар және өзге мәселелер жетіп жатыр. Дегенмен Еуропаның жетекші мемлекеттері Ақ үй әкімшілігін Иранның «ядролық бағдарламасына» қатысты келісімді орындауға шақырды. 

Айтуларынша, ресми Тегеранмен арадағы текетірес өз алдына бөлек талқылануы тиіс. Мұндай мәлімдемені олар Брюссельде Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінің сыртқы істер министрлері мен Еуроодақтың сыртқы саясаты жөніндегі басшысы Федерико Могеринидің кездесуінен кейін жариялады. 

Федерико Могерини, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы: - Келісім әлі күшінде. Ол Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әрекеттерін бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп тұр.

«Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік» Тегеранның барлық талаптарды орындап отырғанын растады. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім 2015 жылы бекіді. Оған АҚШ, Ресей, Қытай Франция, Ұлыбритания және Германия мен Иран елі қол қойған. 

Бірлескен байлам бойынша, Тегеран өзінің ядролық нысандарын халықаралық сарапшылардың тексеруіне мүмкіндік береді. Есесіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі және Еуроодақ пен АҚШ бұл елді санкциядан босатты. 

Дереккөз: 24.kz

12 қаңтар 2018, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.