Атырау, 29 наурыз 04:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Италия Африкадағы бірқатар елге әскерін кіргізбек

1 835 просмотра


Африка Нигер Тунис әскер ТГИЛ Италия Африка құрлығындағы Нигер, Тунис, Ливия мемлекеттеріне әскер кіргізуді жоспарлап отыр. Әскери операцияларды жүргізуге бюджеттен шамамен 80 миллион еуро жұмсалады. 

Бірақ үкімет аймақты тұрақтандырып, мигранттар ағынын жіті бақылау жолында шығындарды арттыруға дайын. Қазірдің өзінде итальяндық әскерилер Ливиядағы операцияға қатысып отыр. Оларға көмек ретінде тағы да 400 сарбаз жіберілетін болды. 

Ал Нигердегі операцияға 500 адамдай қатысуы керек. Итальяндықтар «G-5 Сахель» ұйымын қолдап, лаңкестік топтармен және контрабандамен күресетін Нигер, Мали, Мавритания, Буркина-Фасо және Чад жауынгерлерін жаттықтырып дайындайтын болды. Үшінші шара – Тунистегі операция. Осы әскери қимылдардың мақсаты бір – Африкада тәртіпті қалпына келтіру керек және мигранттарды Еуропаға қарай жөнелтуді тыю. 

Осы аталған үш елге Италия әскерін кіргізуге көші-қон мәселесі түрткі болып отыр. 

Раффаеле Маркетти, LUISS Guido Carli халықаралық қатынастар профессоры: 

- Саяси күн тәртібінде тұрған басты тақырып – көші-қон мәселесі. Сондай-ақ Италияның осы елдерде өзге де, ең алдымен экономикалық мүдделері де бар. Қажетті энергетикалық ресурстардың едәуір бөлігін қамтамасыз етіп жүрген Ливияда және басқа да африкалық елдерде италиялық компаниялар жұмыс істейді. 

Африка – тек мигранттар мен лаңкестік қауіп төндіретін аймақ емес, сонымен қатар экономикалық даму мүмкіндігін беретін құрлық. Осы үш факторды ескерсек, Италияның неліктен Африкаға мүдделі екенін түсінуге болады. 

Үкімет үш әскери миссияға 80 миллион еуро жұмсауға дайын. Бірақ қыркүйекке қарай тағы да қаражат керек болады. Әрі әскери қимылдың қанша уақытқа созылып, қандай салдары болатыны да белгісіз. 

Раффаеле Маркетти, LUISS Guido Carli халықаралық қатынастар профессоры: - Италия ешуақытта ТГИЛ-ге қарсы қарулы қақтығыстардың алдыңғы шебінде болмаған. Бүгінгі күнге дейін лаңкестік шабуылдардан аман қалғанының бір себебі де осы. Ал енді үкімет әскери белсенділігін күшейтсе, содырлар жауап қимыл жасауы мүмкін екені анық. Африкадағы жаңа әскери миссиялардың тағдыры Италия парламентінің қолында. Депутаттар оны қаржыландыруға келісім беруі керек. Дауыс беру 17 қаңтарда өтеді.  Авторлары: Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Дереккөз: 24.kz

12 қаңтар 2018, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.