Атырау, 18 қаңтар 01:11
Таңертең ашық-14, күндіз -9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.10  € 400.53  P 5.78

Ақбөкендер бізге қоныс аударды

11 қаңтар 20:12
Көрнекі сурет.
Қыстың жылылығынан, жыртқыштар саны азайып, шөп мол болғандықтан Атырау облысына ақбөкендер үйірі қоныс аударды. 10 жылдай уақыт өткеннен кейін Индер ауданының даласына Қызыл кітапқа енген ақбөкендер аяқ басты.

Екі күн ішінде (8-9 қаңтарда) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері бұл жерден көршілес Батыс Қазақстан облысының аумағынан қоныс аударған жүз елудей жануарды санап шықты.  

- Жануарлар өз жолымен аман-сау кеткенше, браконерліктің алдын алу үшін ақбөкен көшкен ауданға біздің қызметкерлеріміз жіберілді. Осы мақсатта оралдық әріптестеріміз бен ақбөкенді қорғау қызметін атқаратын «Охотзоопром» РМК қызметкерлері келді, - деп хабарлады инспекцияның бөлім бастығы Азамат ӘБІҒАЛИЕВ.

Біраз уақыттан кейін ақбөкендердің басым бөлігі көрші аймаққа кері оралды. Атырау облысы Есбол ауылдық округінің аумағында 20-30 шақтысы жайылымға  қалды, олар кейіннен Махамбет және Құрманғазы аудандарына қоныс аударды.

Өткен жылы 17 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына (аң аулау ережесін бұзу) сәйкес, 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тағы екеуіне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бүгінде Қазақстандағы ақбөкендер саны 108 мың.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

847 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бастығының орнын басты  1280 рет қаралды

Стананың сауықтыру әдісі  491 рет қаралды

Даладағы қуғын  1163 рет қаралды

Басты бет