Атырау, 29 наурыз 14:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Арнайыавтобаза" директоры ұсталды

4 324 просмотра


Атырауда аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен "Арнайыавтобаза" директоры Самат ТҰРНИЯЗОВ қамауға алынды.

Тергеу судьясы оған қатысты екі айға қамаққа алу бұлтартпас шарасын қабылдады. ҚР ҚК-ның 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылды.

Жергілікті атқарушы орган тағайындаған "Арнайыавтобаза" КМҚК директоры мәртебесі бойынша мемлекеттік қызметтерді орындауға өкілетті тұлғалар қатарына жатады. Сондықтан Тұрниязов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің күдігі бойынша, өз қызметтік жағдайын пайдаланып, мемлекеттік меншікке қарсы жемқорлық құқықбұзушылық жасаған. "АЖ"-дың ресми сауалына берген жауабында Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі "иемдену және талан-таражға салу жолымен бірнеше рет қайталаған" деген болатын.

Тұрниязов директор болып 2016 жылы тағайындалған болатын. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, Атырау облысы әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ жерлесі ғана емес, құрдасы да болып келеді, екеуі де 50 жаста. Осы сәйкестік ел арасында екеуі сыныптас екен деген алып-қашпа әңгімеге негіз болған сияқты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

11 қаңтар 2018, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.