Атырау, 19 сәуір 18:58
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«”Бейбарыс” қашан да үздіктер қатарында болады»

1 822 просмотра


Жаңа жыл қарсаңында хоккейден ел чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды. Облыстық «Бейбарыс» командасы оны алтыншы орынмен аяқтады. Қаңтар-ақпан айларында команда тұрақты чемпионаттың 9-турында ойнайды, содан соң «плей-оф» матчы басталады. «Бейбарыстың» мүмкіндігі қандай? Біз хоккей сарапшысы, қазіргі Жаңа Зеландия құрамасын жаттықтырушы Анатолий ХОРОЗОВПЕН хабарласқан едік. «Бейбарыс» командасы оған бөтен емес, 2013-2015 жылдары ол бас бапкер Александр ИСТОМИННІҢ көмекшісі болып жұмыс жасаған болатын.

- ҚР чемпионатын, соның ішінде «Бейбарыс» ойындарын қадағалап тұрасыз ба?

- Әрине. Интернеттен матчтар қарау мүмкіндігі бар ғой.

- Қазір «Бейбарыс» қалай?

- Негізі қаланған уақыттан бері ол жетекші клубтардың бірі болып келеді. Алайда, өткен маусымда команда жүлдесіз қалды. Бүгінде «Бейбарыс» турнир кестесінің ортасында, бірақ, әлеуеті бойынша көшбасшылардың бірі. 

Команда шебер ойыншыларын сақтап қалған. Бірақ, олар, өкінішке орай, жасарып жатқан жоқ. Командаға жылдамдық, динамика жетіспейді. Мен «Номадпен» және «Алматымен» өткен матчтарды көрдім. Көп сәттерде «Бейбарыстың» жылдамдық жағынан ұтылып қалатыны көрініп тұр. Әрине, осының бәрін айту үшін ұжымда болу керек. Ал кей сәттерде сәттілік жетпей жатады.

- Қалай ойлайсыз, біздің команда «плей-офқа» іліге ме?

- Бұл сөзсіз. 10 команданың 2-уі ғана ілікпейді. Олар жүз пайыз өскемендік «Алтай-Торпедо» мен «Астана» командалары деуге болады. Бірақ, тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша ең жоғарғы орынға жету маңызды, өйткені, «плей-офқа» жеребемен іріктеу кезеңінде қолайлы бәсекелеске тап болу ықтималдығы зор.

- 2018 жылғы чемпион болуға кімнің мүмкіндігі жоғары? 

- Болжам жасағанды ұнатпаймын. Дегенмен, көшбасшылар белгілі: «Арлан», «Номад», «Құлагер» және «Бейбарыс». Меніңше, жүлделі орындарды осы командалар өзара бөліседі. Бірақ, бұл факт емес: ортаңқол командалардың «плей-офта» күш алып, жақсы нәтижелер көрсеткен жағдайлар болып жүрді.

«АЖ» анықтамасы: «Бейбарыс» облыстық командасы – чемпион страны 2011, 2012 және 2016 жылдардағы ел чемпионы, 2010 және 2013 жылдардағы күміс жүлдегер.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


11 қаңтар 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.