Атырау, 28 наурыз 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тайландта Қазақстаннан барған 8 турист жол апатына ұшырады

2 154 просмотра


Тайландта Қазақстаннан барған 8 турист жол апатына ұшырады. Олар Пхукет аралындағы Hanuman World саябағының аумағында микроавтобуспен болған жол апатынан түрлі деңгейдегі жарақаттар алды, - деп хабарлайды РИА Новости Nation газетінің интернет нұсқасына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, микроавтобус жүргізушісі саябақ аумағында келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, ағашқа барып соғылған. Зардап шеккен он адамның тоғызы жақын маңда орналасқан Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілген.

БАҚ мәліметінше, Hanuman World саябағы туристер арасында танымал. Сондай-ақ, осы аттракционға Ресей мен ТМД елдерінің туристері келетіні айтылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 қаңтар 2018, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.