Атырау, 25 сәуір 21:43
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Иранда мыңдаған адам тұтқындалды

1 961 просмотра


Ирандағы билікке қарсы шеруге байланысты 3700 адам тұтқындалған. Бұл туралы заңгер, парламент мүшесі Махмуд Садежи мәлімдеді. Ал елдің жоғары рухани басшысы Аятолла Әл Хаменеи 9 қаңтарда тағы мәлімдеме жасап, бұл жолы да елдегі оқиғаға АҚШ пен Ұлыбританияны кінәлады.

Осыған дейін Иран Жоғарғы соты елдегі шеруді ұйымдастырғандар ең ауыр жазаға тартылатынын мәлімдеген. Бұл елдің заңына сай ең ауыр жаза - өлім.

Иранның бірнеше қаласында 28 желтоқсаннан бері биліктің әлеуметтік, экономикалық, ішкі және сыртқы саясатына қарсы наразылық акциясы болып жатыр.

Дереккөз: azattyq.org

10 қаңтар 2018, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.