Атырау, 23 сәуір 12:11
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Пхеньянға салынған санкциялар жеңілдетілуі мүмкін

1 778 просмотра


Пхеньян Оңтүстік Корея Солтүстік Корея санкциялар Оңтүстік Корея бауырлас Солтүстік Корея спортшыларының Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарына қатысуы үшін осы елге салынған санкцияларды жеңілдетуі мүмкін. 

Бұл туралы Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің өкілі Но Гю Док мәлімдеді. Бірақ әзірге Сеулдің Пхеньянға қатысты қандай шектеу шараларын алып тастағалы отырғаны белгісіз. 

Оңтүстік Корея бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар комитеті, АҚШ және басқа да мемлекеттермен кеңесетінін жеткізді. Дегенмен осындай мәлімдемеге қарамастан, Сеул халықаралық қауымдастықтың Солтүстік Кореяға салған шектеу шаралары одан әрі қолданыла беретінін атап өтті. 

АҚШ билігі де Корей түбегі ядролық қарудан азат аймаққа айналмайынша, Пхеньянға қатысты саясатын өзгертпейтінін мәлімдеді.

Дереккөз: 24.kz

10 қаңтар 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.