Атырау, 29 наурыз 12:48
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

SpaceX АҚШ-тың құпия спутнигін орбитаға шығара алмады

2 035 просмотра


Zuma атаулы спутник мұхитқа құлаған кезде жарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru сайтына сілтеме жасап.

Жексенбі күні SpaceX компаниясының Falcon9 зымыран-тасығышымен бірге ұшырылған Zuma спутнигі есептелген орбитаға дейін жетпей, теңізге құлаған сәтінде жарылды. Бұл туралы дүйсенбі күні Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Илон Масктың SpaceX компаниясы биліктің жасырын спутнигімен бірге Falcon9 зымыранын ұшырғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл — америкалық компанияның 2018 жылы ұшырған алғашқы зымыраны. 

Аталған зымыран АҚШ ВВС базасынан ұшырылды. Әзірге спутниктің қандай мақсатта ұшырылғаны құпия сақталып отыр. Араға 8 минут салып тасымалдағыштың бірінші баспалдағы арнайы алаңға барып түсті.

Дереккөз: baq.kz

9 қаңтар 2018, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.