Атырау, 20 қаңтар 02:42
Таңертең ашық-7, күндіз -3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.20  € 397.13  P 5.74

Ұрлық түбі - қорлық

9 қаңтар 16:49


Қаламыздағы аялдамалар мен қоғамдық көліктердің ішінде «Абайла, ұры» деген жазуды көресіз. Алайда бұдан ұрлық азайған емес. «АЖ» тілшісі ұрлық жасап тұтылған бұрынғы «қалтақағарлардың» бірімен кездесіп, әңгімелесті.

Ол былай дейді:

- Көбінесе автобустар жолаушыларға лық толы болатын «қауырт» кезде «жұмысқа» шығамыз. Қаламызда қоғамдық көлік қызметі нашар жұмыс жасайды, бұл біз үшін жақсы, көлікте кісі көп болады. Кейде адамның көптігінен жолаушылар бастарын бұруға да шамалары жетпей жатады. Оң қолда кішкентай өткір пышақ немесе ағаш сапқа оралған ұстара болады. Бір қолмен сөмкені тартып тұрып, байқатпай астын астын кесеміз. Кесілген жерге саусағымызды тығып, іленген нәрсені жәймен суырып аламыз. Келесі аялдаман түсіп кетеміз. Қолға көбіне телефон ілінеді.  Бірақ қазір камералар бар, ұялы телефонның IMEI коды бар, тауып алады. Дегенмен, зардап шегуші қомақты қаржы болмаса, полицияға хабарлауға асықпайды. Біз «олжамызды» тез сатуға тырысамыз.

Ұрлық істеуді дін де айыптайды. Мәселен, fatua.kz  сайтында «Шариғат заңы бойынша ұрлық – ауыр қылмыс. Бұл күнәны істегендерге дүниеде де, ақыретте де ауыр азап бар. Біреудің мал-мүлкін рұқсатсыз, заңсыз түрде алудың барлық түрі ұрлыққа жатады. Ұрлық істеген адам иманынан айрылады. Ұрының шариғаттағы жазасы қолын кесу» деп жазылған.

Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңында жылқы  немесе құнды мүлік ұрлаған адам 27 есе айып төлеген. Қазіргі заманда да шариғат заңын қолданатын Марокко және Сауд Арабиясы, Оман, Йемен және өзге де елдерде ұрлық жасаған адамдардың қолын кеседі. Ал қазақстандық баукеспелер келтірілген шығынға байланысты айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан айырылады. 

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
Следите за новостями
в телеграм канале @AzhKz_KZ

1115 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ұрлық түбі - қорлық  1422 рет қаралды

СЫРТЫ СҰЛУ «РЕТРО-САЯБАҚ» немесе мендегі бір ойлар...  4882 рет қаралды

Жаңа инвестор ескі мәселені шеше ме?  1006 рет қаралды

​Ұрлық түбі - қорлық  1192 рет қаралды

Басты бет