Атырау, 24 сәуір 07:06
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі табель қаруынан атылып өлген

1 942 просмотра


Ақтөбе әкімдігінің күзетшісі өзіне табель қаруынан оқ атқан. Ер адам 35 жасқа толуына екі күн қалған кезде өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе Арнайы күзет қызметі басқармасы" Мемлекеттік мекемесіндегілер бүгін, 9 қаңтарда осы төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Полицияның кіші лейтенанты Ақтөбе әкімдігінің әкімшілік ғимаратында күзетші қызметін атқара отырып, ішкі ауладағы қақпада пм-9 мм табель қаруынан өзіне қол жұмсады. Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады "Ақтөбе Арнайы күзет қызметі басқармасы" өкілдері. 

Қаза болған ер адам 34 жаста болған. Ол 10 қаңтарда 35 жасқа толар еді. Ер адам Ішкі істер органдарында 2010 жылдың мамырынан бастап жұмыс істеген. 

Үйленген, артында екі баласы қалды. Суицидтің себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбе әкімдігінің территориясында ер адамның өлі табылғаны хабарланған болатын. Ер адамның денесі жұмыс уақыты аяқталған кезде табылған. 

Кешкі жеті шамасында Ақтөбе қалалық әкімдігіне полицейлер, тергеушілер және криминалистер келген.  

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қаңтар 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.