Атырау, 24 сәуір 17:43
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Талдықорғанда өртенген сауда орталығынан 300-ден астам адам эвакуацияланды

2 241 просмотра


Талдықорғандағы ірі сауда орталығындағы өрт 1300 шаршы метр жерді шарпыды. 320 адам эвакуацияланды. Шығынға шаш етектен батқан саудагерлердің саны әлі нақтылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Шығын көлемі анықталуда. Өрттің неден шыққаны белгісіз», деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 12:55 ТЖД сауда кешенінің өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Жалынды сөндіруге Талдықорғанмен қатар жақын маңдағы аудандардың құтқарушылары да жұмылдырылды. 

14:40 минутта өрт толықтай ауыздықталды. Қазір «Қарағаш» сауда орталығының маңы саудагерлерге толы. Олардың біразы заттарын шығарып, ары-бері тасып әлек. 

Кейбір саудагерлер құжаттарының да өртеніп кеткенін айтуда. Ал Талдықорған қаласының әкімдігі осы алапат өрт бойынша арнайы комиссия құралатынын айтты. Айта кету керек, «Қарағаш» сауда орталығы осыдан тура 10 жыл бұрын өртенген болатын.

Дереккөз: inform.kz

8 қаңтар 2018, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.