Атырау, 20 сәуір 19:59
Түнде ашық+9, таңертең +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.79  € 402.94  P 5.33

Жанбайдағы шу мотоцикл үшін болған  

8 қаңтар 13:30


Атырау облысындағы Жанбай ауылына коменданттық сағат енгізілгені туралы ақпарат расталмады.

Мессенджерлерде полиция қызметкерлерінің қатысуымен орын алған инцидентке комментарий берген белгісіз автор ауылда сағат 18.00-ден кейін коменданттық сағат күшіне енгенін растаған ролик тарап кетті. 

- Исатай ауылдық округінде және Жанбай мен Зинеден ауылдарында 5-6 қаңтарда облыстық ішкі істер департаментінің барлық қызметінің бірлекен күшімен  жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілді. Коменданттық сағат жоқ, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі біздің сауалымызға. – Нақты бұл бейнежазба тіркелмеген мотоциклді алу фактісімен байланысты. Бұл жұмыс өткен жылдан бері, балық аулау маусымы басталғалы күшейтілді. Сенбіде, 6 қаңтарда, мәселен, ауылдан мемлекеттік нөмірі жоқ, тіркелмеген 3 мотоцикл алынды. Өкен жылдың күзінен бері Жанбайда 19 бірлік мотокөлік тәркіленді.

Полицейлер «иесіз» көліктерді көптеп анықтауда. Жанбайлықтар  90 мың теңгеге дейін жететін айыппұл төлегеннен гөрі, тіркелмеген мотоциклден бас тартқанды жөн көреді. Тіркеуге де асықпайды. Шамасы, қолдан сатып алған оларға арзанырақ түсетінге ұқсайды. 


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2718 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Оралда қайын атасы немересін алып қалу үшін келінін өлтірген   442 рет қаралды

​Еуропол 65 мың қашқынды іздестіруде  239 рет қаралды

Такси шақырттыңыз ба?  973 рет қаралды

Непалдағы ұшақ апаты құрбандарының өтемақысын қазақстандық сақтандыру компаниясы төлейді  247 рет қаралды

Басты бет

1 2 3