Атырау, 28 наурыз 16:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Ақмола облысында әкесі мен ұлы өз үйінде үсіп қалған

2 824 просмотра


Ақмола облысы Аңғал батыр ауылында өз үйінде суықтан үсіп өлген ер адам мен ұлының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"6 қаңтарда мәйіттердің табылу дерегі тіркелді. Қаза болғандар туралы мәліметті ауылдың 1952 жылғы тұрғыны хабарлады. Отбасы жақсы өмір сүрген, ауырып жатқан 1939 жылғы ер адам ұлымен бірге тұрған", - деді полицейлер.  

Алдын ала болжам бойынша, ер адамдар салқын тиюден қайтыс болған.  

"Мәйіттер қатты мұздап қалған, тексеруге жіберілді. Қазіргі уақытта сот медициналық сараптама тағайындалды, соның барысында ер адамдардың нақты неден қайтыс болғаны белгілі болады", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 қаңтар 2018, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.