Атырау, 25 сәуір 15:50
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына Қазақстан балаларын Ирак шенеунігі сатқан

2 471 просмотра


«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына Қазақстан мен Өзбекстан балаларын Ирак Республикасының лауазымды қызметтегі шенеунігі сатуы мүмкін. 

Al-Sumaria телеарнасының мәліметінше, қазіргі таңда аталмыш оқиғаға байланысты Ирак еңбек және әлеуметтік қызмет министрлігі тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Алдын ала болжам бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан балаларын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына Найнава провинциясында жұмыс істейтін лауазымды қызметкер сатқан.

Естеріңізге салайық, бұған дейін қараша айында Сүрия мен Ирак аумағында болған қазақстандық балалардың елге қайтарылғандығы жөнінде ақпарат тараған болатын. 

Кейіннен Шешенстан президенті Рамзан Кадыров өзінің Instagram парақшасына Қазақстан, Өзбекстан және Ресей азаматтарын Сүрия мен Ирак аумағынан Шешенстан арнайы қызмет сарбаздары алып шыққанын жайында жазған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times


8 қаңтар 2018, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.