Атырау, 25 сәуір 09:17
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жылу қанша тұрады?

3 610 просмотра


2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық төлемдер қалай өзгерді? Атап айтқанда, электр энергиясының қымбаттамағаны, ал жылу тарифінің 1,4 пайызға көтерілгені анықталды.

Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бұйрығымен 2015 жылғы 23 қарашада 2016-2020 жылдарға АЖЭО АҚ (жылу энергиясын өндіру және қамту) тарифтерінің шекті деңгейі бекітілді. Онда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу тарифінің көбейетіндігі көрсетілген (осы жерде және әрі қарай ҚҚС-сыз бағалар): жылу есептегіші бар тұрғындар үшін - бір гкал-ға 3752,97 теңгеден бастап 4181,64 теңгеге дейін; жылу есептегіші жоқ тұрғындар үшін – баспананың бір текше метріне 126,47 теңгеден 128,24 теңгеге дейін; апатты, тозығы жеткен үй-жайлар мен барак түріндегі үйлерде тұратын тұрғындар үшін – баспананың бір шаршы метріне 105,39 теңгеден 106,87 теңгеге дейін; суық судың 1 текше метрін жылыту үшін төлемақы - 195,57 теңгеден 198,31 теңгеге дейін.

- Бұл тарифтер АЖЭО АҚ-ның қолданыстағы активтерін қайта жарақтап, қолдауға және жаңа активтерін құруға бағытталған 2016-2020 жылдарға арналған, жалпы сомасы 1 млрд 18 млн теңгені құратйтын инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды қамтиды, - дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Болат СҮЛЕҒАЛИЕВ.

Жаңа жыл алдында «ақ үйдің» жеделсатысында Атырау энергия торабы басқармасының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Оразғали ҚАРШЕГЕНОВПЕН кездесіп қалдық. Ол АЖЭО-ның ТШО-мен газ жеткізу туралы келіскенін айтты, бірақ бағасын атамады.

2017 жылы 823 мың гкал өндіру жоспарланған жылу энергиясы іс жүзінде 680 мың гкал өндірілді. Бұл жерде себептері де келтірілді – «тұтынушылардың көпшілігі автономды газ жылыту жүйесіне көшуі және ортақ жылу есептегіш аспабын қолдануы салдарынан тұтынушылар жылу энергиясын аз тұтынады».

Бұдан жылу тұтыну азайса, іс жүзінде ешкім қосуды жоспарлап отырмаған қазандықтар мен турбиналар үшін тұрғындарға тағы үш жыл ақша төлеудің қажеті қанша деген сұрақ туындайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қаңтар 2018, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.