Атырау, 20 сәуір 07:26
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Əуезов атындағы драма театры директорының пара алғаны расталды

3 036 просмотра


Алматыдағы М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләлдің пара алмақ болғанын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры жаңажылдық кезеңде театр базасында балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

Театр директоры кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ. 



Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.

Айта кетсек, бүгін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Ерлан Біләлдің парамен ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Олар WhatsАpp желісінде тараған фотоға сүйенген. Желі қолданушыларының кейбірі оны түсірілім алаңында жасалған сурет деп болжам жасаған еді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

5 қаңтар 2018, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.