Атырау, 29 наурыз 11:04
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қымбат Mercedes-Benz S500 және Toyota жол талғамайтын көліктерін сатып алған шенеуніктер жазаланды

2 236 просмотра


Мәжіліс депутаттарының сынынан кейін жазаланған шенеуніктер қымбат Mercedes-Benz және Toyota маркалы жол талғамайтын көліктерді сатып алғаны анықталды. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

СҚО, ОҚО, Астана, Атырау және Қостанай облыстарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік шара қолданылған. Мәселен, Атырау облысында Toyota Land Cruiser Prado 150 және Toyota RAV4 көліктері сатып алынған. 

"Астана автошаруашылығы" ЖШС конкурстық жолмен 54,911 миллион теңгеге Mercedes Benz S500 көлігін сатып алған. 

Толық тізімді мына жерден көре аласыз.  

Мұның алдында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 18 мамырындағы № ДС-138 (депутаттық сауал) аясында барлық орталықтанған және жергілікті атқару органдары, сондай-ақ оларға қарасты ұйымдарға ескерту жасап, көлік сатып алуда отандық көлік өндіретін модельдердің сипаттамаларына сәйкес келетін құжаттық талаптар қарастыру тапсырылғанын мәлімдеген болатын.  

"Бұл тапсырманы орындамау деректері анықталды, осыған байланысты шетелдік қымбат көліктерді сатып алған лауазымды тұлғаларға қатысты қандай шаралар қолданылғанын Қаржы министрлігі қосымша жария ететін болады", - дейді Сағынтаев. 

Дереккөз: tengrinews.kz

3 қаңтар 2018, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.