Атырау, 29 наурыз 06:09
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ирандағы наразылықтар кезінде мерт болғандар саны көбейді

2 189 просмотра


Иранда бірнеше күннен бері жалғасып жатқан наразылықтар барысында 10 адам мерт болғаны туралы осы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлаған. Reuters агенттігінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, қаңтардың 1-і күні Наджафабад қаласындағы қақтығыстар кезінде наразы адам оқ атып, салдарынан полиция қызметкері өлген. Бұл елде наразылықтар басталғалы бері қауіпсіздік күштері өкілдерінен қаза тапқан алғашқы адам деп хабарланды. Үкімет өкілі Саид Монтазер әл-Махдидің мемлекеттік телеарнадан мәлімдеуінше, күдікті аңшы мылтығынан оқ атқан. Оқиға салдарынан тағы үш полиция қызметкері жараланған.

Ирандағы жаппай наразылық акциялары желтоқсанның 28-і күні елдің бірнеше қаласында басталған. Әуелде экономикалық саясат пен баға қымбатшылығына наразылық білдіргендер кейін үкіметті сынауға көшкен. Демонстранттар полицияға тас лақтырып, көліктерді аударып тастаған.

Желтоқсанның 30-ы күні Тегерандағы наразылық шаралары барысында 200 адам ұсталған, олардың арасында 40 адамды билік "заңсыз жиындарды бастаушылар" деп атаған.

Желтоқсанның 31-і күні Иран билігі Instagram әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерін бұғаттап, бұл шешімді "бейбітшілік пен азаматтардың қауіпсіздігін" қамтамасыз ету қажеттігімен түсіндірген.

Иран президенті Хассан Роухани тәртіпсіздіктер мен қоғамдық меншіктегі мүлікті бүлдіріп-қиратуды айыптаған, бірақ сонымен бірге ол үкіметті азаматтардың "заңды сын мен наразылық білдіруіне мүмкіндік жасауға" шақырған.

Дереккөз: Азаттық

2 қаңтар 2018, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.