Атырау, 20 сәуір 05:22
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жаңа жылдық жарлықтар

2 878 просмотра


Жаңа жыл қарсаңында күтпеген жерден Республикамыздың президенті болдыңыз деп елестетіп көріңіз. Сіздің бірінші жарлығыңыз қандай болар еді? Біз бұл туралы Атырау тұрғындарынан сұрастырған едік.

Алғашқы кездескен жүргінші, мысалы, «еліміздің танымалдылығын арттыру» үшін «Қазақстан Республикасы» деген атауды «Қазақ елі» деп өзгертер едім деді. Сондай-ақ, мұнайлы астананы көгалдандырумен айналысып, білім беру сапасын жақсартқысы келетінін айтты.

- Бүкіл зейнетақы жинақтарын бөліп-бөліп емес, бірден алғанымызды қалар едім, - деп еш ойланбастан жауап берді өтіп бара жатқан қария.

Қала тұрғындарының көпшілігі тосылып қалды. Олар ұзақ уақыт ойланып, ақыры жауап таба алмады.

- Ештеңені өзгерткім келмейді, мен бәріне ризамын, - деп жауап берді бірінен соң бірі. Шынымен, ішкі цензор ма? Әлде күнделікті нандықтарын тауып жүргенде жаһандық нәрселерді ойлайтын жағдайда емес пе?

- Ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлық болмаса - ешқандай бәле де болмайды, - деп жауап қатты бір ер адам.

Ресейден келген қыз қаламызға мақтау айтты:

- Маған Атыраудың тазалығы ұнайды. Мысалы, мен тұратын жерде ешкім «тазалық» ұғымы туралы ешқашан естімеген. Мен жалғыз-ақ нәрсені - Жаңа жылға арналған демалыс күндерін өзгертер едім. Менің ойымша, демалыс күндері көп болуы тиіс.

Анастасия АЛЮШИНА 

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

31 желтоқсан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.