Атырау, 25 сәуір 06:06
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«2017 жыл несімен есте қалады?», «Орамал дауы үдеген жыл», «АҚШ-Ресей жанжалдарға байланысты пікір қайшылығында: Жаһандық тұрақсыздық күшейе түсті», «Отын дағдарысы, ЭКСПО және Бишимбаев соты».

2 380 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «2017 жыл несімен есте қалады?» - 2017 жыл несімен есте қалады? Өтіп бара жатқан жылдың ең маңызды оқиғалары деп нені айтар едіңіз? 

«Орамал дауы үдеген жыл» - Қазақстанда биылғы жаңа оқу жылында кей аймақтарда оқушы қыздардың мектепке орамал тағып келуі даулы мәселеге айналды. 

QAZAQUNI.KZ. «”Жыл адамы -2017” анықталды» - «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2017 жылғы «Жыл адамдары» сараланды . Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасына дауыс берді.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақстанда жұмыссыздық екі есе артты» - Қазақстанның жұмыспен қамту қызметіне тіркелген жұмыссыздардың саны екі есеге дейін артты.

QAMSHY.KZ. «2017 жылы қара пиар арқылы танылғандар» - Қазіргі заман техника мен әлеуметтік желінің дамыған заманы. Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар уақытының көп бөлігін әлеуметтік желіге жұмсайды.  Қоғамдағы жаңалықтар, өзекті мәселелердің бәрін осы әлеуметтік желі арқылы біліп отыратын болдық. Әлеуметтік желі біреуді құзға лақтырса, біреуді құздан биікке шығаратын деңгейге жетті. 

BAQ.KZ. «2017 жылы қандай қазақстандық фильмдер прокатқа шықты?» -  Baq.kz тілшісі 2017 жылы еліміздегі кинотеатрлардан көрсетілген 30 отандық фильм тізімін ұсынады.

TURKYSTAN.KZ. «Түрік кинематографистері Ясауи, Қорқыт туралы фильм түсіруді ұсынды» - Кездесуде екі елдің кино мамандары бірлескен жобаларды түсіруді талқылады.

QAZAQTIMES.COM. «АҚШ-Ресей жанжалдарға байланысты пікір қайшылығында: Жаһандық тұрақсыздық күшейе түсті» -  Ғаламдық қайшылықтар турасында АҚШ пен Ресей пікір бірлігіне келе алмады. Америка Құрама Штаты мен Ресей Федерациясы арасында осы аптада әлемдегі кейбір күрделі қақтығыс мәселелерінде пікір қайшылығы болды. Осыған қарап, 2018 жылдың бастапқы кезеңінде Еуропадағы, Азиядағы және Таяу-Шығыстағы белгісіздіктер арта түсуі мүмкін. 

RATEL.KZ. «Отын дағдарысы, ЭКСПО және Бишимбаев соты» - ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі 2017 жылдың 10 маңызды оқиғасын анықтады.

EGEMEN.KZ. «Қалдық па, байлық па?» - Бірнеше жыл бұрын Алматыға сапарлап келген Жапонияның Сендай қаласында тұратын белгілі қазақ ғалымы Нұрбосын Жанпейісовпен әңгімелесудің сәті түскен еді. 


29 желтоқсан 2017, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.