Атырау, 16 сәуір 11:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Жол ережесі айыппұлын азайтатын заң қабылданды

3 086 просмотра


Қазақстан президенті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» заңға қол қойды деп хабарлайды бейсенбіде Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан билігі заң «әкімшілік деликтілік құқықты одан ары гуманизациялайды» деп біледі.

Қазақстан парламенті әкімшілік кодекске өзгерістер енгзу жобасын 20 желтоқсанда мақұлдаған.

Заңда жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұлды азайту қарастырылған. Қолданыстағы заң бойынша, жылдамдықты сағатына 10 километрден 20 километрге дейін асырғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК, бір айлық есептік көрсеткіш - 2269 теңге) көлемінде айыппұл салынатын болса, жаңа заңда айыппұл мөлшерін бес АЕК-ке дейін азайту қарастырылған. Сонымен қатар, «жол қиылысы мен торабынан өту ережесін бұзғаны» үшін салынатын айыппұлды 10 АЕК-тен үш АЕК-ке дейін азайту да қарастырылған. Бұұған дейін жолдың қарсы бетіне шығып кеткені, оның ішінде айналып және бұрылып шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға дейін айырылатын болса, жаңа заңда бұл мерзім алты айға дейін азайтылған.

Қазақстан бас прокуратурасы биылғы жылдың басында айыппұлды көбейту жолда заң бұзушылықты азайтпайтынын айтып, айыппұл көлемін азайтуды ұсынған. Бұдан өзге, прокуратура елде тұрғындардың табысы азайғанын, ал кейбір айыппұл көлемі соңғы 15 жылда бірнеше есеге ұлғайтылғанын айтқан.

Дереккөз: azattyq.org

28 желтоқсан 2017, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.