Атырау, 25 сәуір 11:54
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«2017 жылғы ереуілдер мен еңбек даулары», «Неге жылдың басты экономикалық нәтижелерін сәтті деп атауға болмайды?», «Жанболат Мамай: Шенеуніктері ұрлыққа батқан ел қалай рухани жаңғырады?», «2017 жылы әлем елдерінде билікке кім келіп, кім кетті?».

2 670 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «2017 жылғы ереуілдер мен еңбек даулары» - Қазақстанда 2017 жылы болған жұмысшылар ереуілдерінің ешбірі талаптарын толық орындата алмады. Сарапшылар мұның себебін еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер және елді жұмысшылар құқығын қорғайтын тәуелсіз кәсіподақ қалмағанымен байланыстырады.

«Хан сарайының тағдыры қалай болмақ?» - Қырым татарлары Бақшысарайдағы Хан сарайына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына наразы. Олар Ресей тарихи жәдігерді бұзып жатыр деп айыптайды.

«Өзбекстанда қант зауыттары "уақытша жабылды"» - Ташкент пен Хорезм облыстарындағы қант зауыттары уақытша жабылып, жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберді. Ресми дерек бойынша, девальвациядан кейін екі зауыт шығынға батып, жұмысшыларына жалақы төлей алмаған.

«Қытайдан трактормен көшіп келген оралман» - Биыл жазда Қытайдың Алтай аймағынан Қазақстанның Павлодарына трактормен бес отбасыны көшіріп әкелген оралман атамекендегі алғашқы жылын қалай өткергені жайлы ой бөліседі.

 365INFO.KZ. «Танымал саясаттанушы Асылбек Мусиннің өлімі жайлы бірқатар деректің бетін ашты» - Белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев ҚР Президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлының өліміне қатысты бірқатар мәліметтердің бетін ашты.

ABAI.KZ. «Дариға Назарбаеваға ән жария болды» - Біз әлеуметтік желіні ақтарып отырып, өте қызықты материалға жолықтық. Биылғы жылдың қарашасында «Белгілі қоғам қайраткері Дариға Нұрсұлтанқызына арналған ән» атты мақала жария бопты. 

JASQAZAQ.KZ. «Бекболат Тiлеухан: Ұлттық дәстүрге қарсы үгiттейтiн ақпаратқа тыйым салу керек» - Отбасы институтын жоққа шығаратын және ұлттық дәстүрлерге қарсы үгiттейтiн ақпараттар балаларға зиянды деп танылған. 

 AIKYN.KZ. «2017 жылы әлем елдерінде билікке кім келіп, кім кетті?» - Өткен жылдың соңында әлем елдерінде билікке кімдер келіп, кімдер кетті? Ендеше жыл қорытындысына назар салыңыз. 

KAZTAG.KZ. «Неге жылдың басты экономикалық нәтижелерін сәтті деп атауға болмайды?» - Өтіп бара жатқан жылдың негізгі және барынша жалпы экономикалық қорытындысын шығаратын кез. Әлбетте, олардың ішінде бастылары ретінде қазақстандық экономиканың өсім қарқынының салыстырмалы түрде жоғарылағанын және банк саласының қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша Ұлттық банк бағдарламасын атап өтуге болады. Алайда олар бірмәнді емес. 

«Дмитрий Котляр: шенеуніктердің кірісті жария еткісі келмейтіндері – жемқорлықпен күрестің “шынайылылығының” жарқын дәлелі» - Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс қимылдың Ыстамбулдық жоспары аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы есебі ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірқатар жайттар бойынша, жұмсағырақ айтқанда, ЭЫДҰ стандарына сай келмейтінін көрсетті. 

QAZAQTIMES.COM. «Жанболат Мамай: Шенеуніктері ұрлыққа батқан ел қалай рухани жаңғырады?» - 2017 жыл Қазақстан халқы үшін жаңалыққа толы жол болды. Президенттің  «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласынан бастап, "ЭКСПО" көрмесіне дейінгі аралық жыл бойы мемлкеттік БАҚ беттерінен түскен жоқ. Оған әркім, әрқалай баға берді. Біз де осы бір жылда елімізде болған елеулі оқиғаларды қорытындылау мақсатында белгілі журналист, қоғам қайраткері Жанболат Мамаймен сұхбаттасқан едік. 

«Әзімбай Ғали: Біз 50 елдің құрамына кіруді қайта жоспарлауымыз керек» -  Міне, Қазақстан ғана емес, бікіл әлем бір жылды қорытындылауға таяу қалды. Бірінде экономикалық жағдай өзгерсе, енді бірі саяси реформа жасады. 


28 желтоқсан 2017, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.