Атырау, 19 сәуір 17:43
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Абыройды асқақтатқан саңлақтар

Сурет
4 407 просмотра
Ерулан Қабдолов (сол жақта).

2017 жылы "Ақ Жайық" жазған атыраулық спортшылардың негізгі жетістіктерін атап өтейік.

Қаңтар

Аллаберген Сақауов, Алмаз Әлиханов - кекушинкай-кан карате-до  бойынша «Kazakhstan Open» халықаралық турнирінің күміс алқалары;

Айзада Алмаз - самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

Судағы поло бойынша «Атырау» командасы -  ҚР чемпионатының «күміс» алқасы, ер балалар;

«Бейбарыс» командасы - хоккейден Еуропаның құрлық кубогының күміс алқасы.

 

Ақпан

Әлихан Сембай, Сәлімжан Сәлімгереев – бокстан ҚР чемпионатының алтын алқасы, ер балалар;

Тальха Хисмет –грэпплинг бойынша Алматы қ. чемпионатының күміс алқасы, No-Gi ADCC нұсқасы;

Әли Науанов, Қайрат Айдынғали, Арсен Бесенбай, Сағынбек Хасанов - муай-тай бойынша ҚР чемпионатының алтын алқалары, балалар;

Нұркен Дүйсенғалиев, Саламат Исеналиев - грек-рим күресі бойынша ҚР чемпионатының алтын, күміс алқалары;

Серікболсын Шынтасов - дзюдодан ҚР чемпионатының алтын алқасы, ер балалар;

Дінмұхамед Шәменов - дзюдодан «Олимпке жол» халықаралық турнирінің күміс алқасы, ұл балалар;

 

Бекарыс Жұмалиев

Наурыз

Әлібек Құсайынов - грек-рим күресінен ҚР чемпионатының күміс алқасы, мүгедектер;

«Санжар» ФК – футболдан ҚР чемпионатының алтын алқасы, ардагерлер;

Ерұлан Қабдолов - ММА бойынша әлем чемпионатының алтын алқасы, жастар;

Мақсат Ережепов - грек-рим күресінен ҚР чемпионатының алтын алқасы;

Мейірбек Төлегенов, Исатай Теміров – жекпе-жек бойынша ҚР чемпионатының алтын алқасы;

Талғат Жұмағалиев – қоян-қолтық ұрыс бойынша ҚР чемпионатының алтын алқасы және толықконтактілі чемпион белдігі, FCF MMA нұсқасы;

Қуандық Жанбырбаев - джиу-джитсу бойынша ҚР Кубогының алтын алқасы, жастар;

Әсел Серікова -  каратеден ҚР чемпионатының күміс алқасы;

Еламан Саясатов, Ищан және Әбіл Ғалиевтер, Айымгүл Асанова - муай-тай бойынша ҚР чемпионатының алтын алқалары;

Бекзат Руслан, Ұлмекен Жалғас – каратеден «Ақтөбе Опен» халықаралық турнирінің алтын алқалары;

Бекежан Аманжанов – таеквондодан ҚР чемпионатының алтын алқасы, кадеттер;

Аман Бекқалиев, Архат Мыңбаев - ММА бойынша әлем чемпионатының алтын, күміс алқалары;

Бекарыс Жұмалиев – дойбыдан ҚР чемпионатының алтын алқасы, балалар.

 

Сәуір

Айдынбай Қайырберді - дзюдодан «Masters Bremen» халықаралық турнирінің қола алқасы;

Сағдат Жолдасбаев - таеквондодан «Олимпиада үміттері» халықаралық турнирінің алтын алқасы;

Жанәлі Сәлімгерей, Абзал Дүсіпов, Жандос Назарбеков – кикбоксингтен ҚР чемпионатының алтын алқасы;

Ерлан Қазиев, Махамбет Насихан, Асылхан Саясатов, Раушан Орынбаева, Шынар Кенжебаева - үстел теннисі бойынша ҚР чемпионатының алтын, күміс алқалары, мүгедектер, жастар;

Ержан Ордабаев - «А» сыныбы бойынша бокстан Бүкілресейлік ашық турнирдің алтын алқасы;

Азамат Сағындықов, Нұрдәулет Амангелді, Аян Ибрагим, Айдар Махмет, Еркебұлан Қатешов, Богдан Панков, Азим Мусаев, Димаш Әбдіғали, Андрей Котов, Адам Борисов, Аружан Әбдірахманова, Карина Досымова - кекушинкай-кан карате бойынша ҚР Кубогының алтын алқалары;

Асылбек Қосаманов, Қаһарман Қисметов - грек-рим күресі бойынша ҚР Жастар ойындарының алтын алқалары;

Фархат Ниетов, Магомед Дибдиев - панкратион бойынша ҚР чемпионатының алтын алқалары, балалар;

Бауыржан Күмісқалиев, Темірлан Әдебиетов - карате шинкекушинкай бойынша ҚР чемпионатының күміс алқалары;

Жадыра Хайруллин – таэквондодан Азия чемпионатының қола алқасы, юниорлар;

Жансел Дениз, Аягөз Нигметова - таеквондодан «Kazakhstan Open» халықаралық турнирінің алтын, күміс алқалары;

Абылай Амандық, Қалжан Тайжанова – белдесіп күресу бойынша ҚР чемпионатының алтын алқалары;

Сұлтан Жақсылық, Ерболат Рахманов - еркін күрестен ҚР Жастар ойынының алтын, күміс алқалары;

Асқар Еспосынов, Айдынбай Қайырберді, Дәурен Болатбекұлы - самбодан Жастар ойындарының алтын алқалары;

Бекарыс Жұмалиев – дойбыдан Азия чемпионатының қола алқасы, ер балалар.

 

Жансел Дениз.

Мамыр

Есбол Елеусінов, Нұрай Құсайынова – таеквондодан М. Өзтүрікті еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқалары, балалар;

Ержан Ордабаев, Рашид Салауатов – бокстан Исатай мен Махамбетті еске алуға арналған халықаралық турнирінің алтын, күміс алқалары;

Мерей Құрманғазы – бокстан ҚР Жастар ойындарының күміс алқасы;

Ақжол Товшебаев - ауыл жастары арасында грек-рим күресінен ҚР чемпионатының күміс алқасы;

Жаңбыр Бейбарыс, Айнұр Мақсотқызы – карате бойынша (олимпиадалық нұсқасы) ҚР чемпионатының алтын, күміс алқалары, юниорлар;

Олжас Молдағалиев – ММА бойынша ҚР чемпионатының алтын алқасы; IMMAF нұсқасы;

Абылай Төлеш,Айбек Бөлекбаев, Талғат Жұмағалиев, Әділбек Қайырғали, Лев Винс, Ақбөбек Ерғалиева – ММА бойынша ҚР чемпионатының алтын, күміс алқалары, WMMAA нұсқасы;

Футбол бойынша «Атырау» командасы - А.Ионкинді еске алуға арналған турнирдің күміс алқасы, балалар;

Судағы поло бойынша «Атырау» командасы – ҚР чемпионатының алтын алқасы, ер балалар;

Мақсат Ережепов - грек-рим күресінен Азия чемпионатының алтын алқасы;

Назым Ищанова – әйелдер боксы бойынша ҚР чемпионатының алтын алқасы;

Еламан Саясатов – «А» сыныбы бойынша муай-тайдан әлем чемпионатының күміс алқасы;

Жадыра Хайруллина, Бейбарыс Нұрбаев - таэквондо бойынша ҚР Жастар ойындарының алтын, күміс алқалары;

Асқар Еспосынов, Ислам Асқаров, Тәукен Расул – самбодан ҚР чемпионатының алтын, күміс алқалары, ер балалар;

Андрей Котов - кекушинкай-кан каратэден Еуропа чемпионатының күміс алқасы;

Алина Мохначева – каратэден (олимпиадалық нұсқасы) «Астана Опен» халықаралық турнирінің алтын алқасы;

Жанәлі Сәлімгерей, Жандос Назарбеков, Азамат Өтемісов, Дәурен Керімов - кикбоксингтен «Ташкент опен» халықаралық турнирінің алтын алқалары;

Айбек Демегенов, Шеруен Адай, Бекбол Нұрәлі, Мақсат Мұхамбетов – таеквондодан ҚР чемпионатының алтын алқалары, GTF нұсқасы;

Айбек Демегенов – таеквондодан Еуропа Кубогының алтын алқасы GTF нұсқасы;

Әлихан Сембай – бокстан М. Ділдәбековтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің күміс алқасы, ер балалар.

 

Ержан Ордабаев.

Маусым

Бауыржан Ғинаятов, Данияр Байымбетов, Тілекші Дүйсенова, Айым Махуова, Әлішер Ақжігітов - джиу-джитсу бойынша ҚР Жастар ойындарының алтын алқалары;

Амандық Манашев – бокстан С. Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнирдің күміс алқасы;

Азамат Тұрымбетов - парадзюдо бойынша Азия чемпионатының күміс алқасы;

Дамир Алтайұлы - жүзуден ҚР чемпионатының алтын алқасы, балалар;

Алина Мақсотова, Роман Зубарев, Серікжан Сәлімгереев - кикбоксингтен ҚР чемпионатының алтын алқалары, ер және қыз балалар;

Алина Болат, Нұржан Елемес, Абылайхан Өтебалиев, Эльдар Жолдаспаев – таеквондодан ҚР чемпионатының алтын алқасы, балалар;

Бекежан Аманжанов – таэквондодан Азия чемпионатының қола алқасы, кадеттер;

Азамат Жексенбаев, Назгүл Құбашева –дзюдодан  М. Мәметованы еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқалары;

Зарина Нұрғалиева – шахматтан ҚР Балалар алтын алқасы, 8 жасқа дейінгі қыздар;

Серікжан Түсіпов – жекпе-жек бойынша ҚР Кубогының күміс алқасы;

Арсен Ризуанов, Ерген Жолдыбаев, Ақжол Аманжолов, Мейрамбек Айғалиев – жекпе-жек бойынша ҚР Кубогының алтын алқалары, балалар;

Кристина Телятова, Рустам Қуандықов, Айгерім Айшуақова - кекушинкай карате бойынша ҚР чемпионатының алтын алқалары;

Олжас Молдағалиев – ММА бойынша Азия чемпионатының алтын алқасы;

Бекарыс Мұратұлы - дзюдодан ҚР чемпионатының қола алқасы, ер балалар;

Аманжан Қайырғалиев – қоян-қолтық ұрыс бойынша ҚР чемпионатының қола алқасы, жастар;

Роберт Эдуардұлы – бокстан Б.Момышұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқасы.

 

Ержан Сәлімгереев.

Шілде

«Атырау» командасы - волейболдан Азия чемпионатының алтын алқасы, мүгедектер;

Раушан Ибраева - дене шынықтыру мұғалімдерінің арасында үшсайыстан өткен ел чемпионатының алтын алқасы;

Әбілмансұр Батырғали – каратеден (олимпиадалық нұсқасы) Жастар Әлем Кубогінің алтын алқасы;

Әльфараби Ақжігітов, Бекзат Жалғасов, Жастілек Шамарданов - еркін күрес бойынша Бүкілресейлік турнирдің алтын, күміс алқалары, ер балалар;

Нұрлан Домбаев – паратаеквондо бойынша Азия чемпионатының алтын алқасы;

Ержан Сәлімгереев – жүзуден халықаралық турнирдің алтын алқасы, мүгедектер;

Баскетбол бойынша «Атырау барыстары» командасы - ҚР чемпионатының күміс алқасы, ер балалар;

Ерзат Кенжеғали, Данагүл Жұмалиева – дойбыдан ҚР чемпионатының алтын алқасы, ер балалар;

Асқар Еспосинов, Жұмабай Парасат, Қалжан Тайжанова - самбодан Азия чемпионатының алтын алқалары;

Серікболсын Шантасов – дзюдодан Азия чемпионатының күміс алқасы, кадеттер;

Жадыра Хайруллина – таэквондодан Кавказ Кубогының алтын алқасы;

Махамбет аудандық футбол командасы - «Coca Cola былғары доп» республикалық турнирінің күміс алқасы;

Қалжан Тайжанова – белдесіп күресу бойынша әлем чемпионатының алтын алқасы.

 

Тамыз

Еламан Саясатов – Дүниежүзілік ойындардың алтын алқасы, муай-тай;

Зарина Нұрғалиева - шахматтан «Astana Open» халықаралық турнирінің алтын алқасы;

Нұрберген Шарипов – ережесіз жекпе-жек бойынша халықаралық турнирдің алтын алқасы;

 

Қыркүйек

Жандос Иманбаев, Нұрболат Ыстыбаев, Аманбек Аруов - самбодан ІІМ чемпионатының алтын, күміс алқалары;

Қайырберді Айдынбай - Халықаралық самбо федерациясының президенті Кубогының алтын алқасы;

Айнагүл Елубай, Үмбет Шакиев – таекондодан ҚР Кубогының алтын алқасы;

Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Ғалымжан Махметов - парадзюдо бойынша Гран-придің алтын, күміс алқалары;

Дмитрий Ли – жатып зілтемір көтеру бойынша Азия чемпионатының алтын алқасы;

Асқар Еспосинов - ҰҚШҰ елдерінің халықаралық самбо фестивалінің алтын алқасы;

Волейболдан «Атырау» командасы - «Русь астанасы» Кубогының алтын алқасы;

Бекзат Битимов, Аманат Сабырғали – бокстан халықаралық турнирдің алтын алқасы, ер балалар;

Жандос Назарбеков, Сәлімжан Сәлімгереев - халықаралық «Word Cup Diamond» турнирінің алтын алқалары.

 

Тыныс Бисалиев.

Қазан

Құрманбай Ашетов - тоғызқұмалақ бойынша ҚР чемпионатының қола алқасы, ардагерлер;

Руфат Асланұлы, Нұрдәулет Сейілбеков - еркін күрестен халықаралық турнирдің алтын алқасы, ер балалар;

Нұрлан Домбаев, Жанболат Қазиев, Бақытханым Өтешова, Есболат Әбенов, Ержан Сәлімгереев, Екатерина Обратнова, Дмитрий Ли, Құрманғазы Абдолмұратов, Раушан Орынбаева, Ерлан Қазиев, Әнуар Сариев, Ғалымжан Махметов, отырып ойнайтын волейбол бойынша «Атырау» командасы – ҚР Спартакиадасының алтын алқасы, мүгедектер;

Илья Макпузов, Исмаил Әубекеров, Бекежан Аманжанов – таеквондо бойынша ҚР чемпионатының алтын алқасы;

Аманбай Қыздарбаев - дзюдодан әлем чемпионатынынң алтын алқасы, ардагерлер;

Әнуар Сариев - парадзюдо бойынша Әлем Кубогының қола алқасы;

Михаил Ли - бильярд бойынша ҚР чемпионатының күміс алқасы;

Манарбек Аруов - белдесіп күресуден ҚР Кубогының күміс алқасы;

Айдарбек Баймұратов - еркін күрестен И. Самилинді еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқасы;

Берік Өткелбаев, Айым Махуова, Әзиза Аманжолова - джиу-джитсу бойынша ҚР чемпионатының күміс алқасы;

Абзал Дүсіпов, Жанәлі Сәлімгерей, Жандос Назарбеков, Сәлімжан Сәлімгереев – кикбоксинг бойынша Е. Логункованы еске алуға арналған Бүкілресейлік турнирдің алтын алқасы;

Нұрлан Домбаев – паратаеквондодан әлем чемпионатының алтын алқасы;

Тыныс Бисалиев – грэпплингтен әлем чемпионатының алтын алқасы, ардагерлер;

Карина Досимова, Аружан Әбдірахманова - кекушинкай-кан карате-до бойынша ҚР чемпионатының алтын алқасы;

Волейболдан «Атырау» командасы - ҚР Кубогының алтын алқасы.

 

Қараша

Ақбөбек Ерғалиева – панкратион бойынша әлем чемпионатының күміс алқасы;

Кирилл мен Александр Литвиновтар, Алекс Ишин, Эдвард Қабдешев - пауэрлифтинг, жатып зілтемір көтеру, бітімге тарту бойынша Әлем чемпионатының алтын алқасы;

Үмбет Шакиев – халықаралық «А» сыныбындағы «Алматы опен» халықаралық турнирінің күміс алқасы;

Талғат Сырбас – еркін күрестен С. Рахимовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқасы, ер балалар;

Аят Абдоллаев, Зарина Нұрғалиева – шахматтан Д. Сәдуақасов Кубогының алтын алқасы, балалар;

Юсуф Мұхтасип, Әли Өтемісов, Алан Юсупов, Арсен Маратұлы, Әлижан Даумов, Сағынбек Хасанов, Рамиль Маратов, Жомарт Тынышқалиев, Мұхамедәлі Мақсот, Әли Науанов – муай-тай бойынша ҚР Федерациясы кубогының алтын алқасы;

Нұрбол Алтаев - бокстан ҚР чемпионатының күміс алқасы;

Ғабит Тұрниязов - дене шынықтыру мұғалімдері арасында тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатының күміс алқасы;

Жандос Назарбеков, Абзал Дүсіпов - кикбоксингтен әлем чемпионатының алтын, күміс алқалары;

Нұрсұлтан Омаров, Сейітқазы Әлішер - ауыр атлетикадан, ҚР чемпионатының күміс алқасы, жастар;

Волейболдан «Атырау» командасы - ҚР Суперкубогының алтын алқасы;

Нұрбек Кенжебай мен Кансай Те – карате бойынша (олимпиадалық нұсқасы) ҚР чемпионатының алтын алқасы, ер балалар;

Олжас Молдағалиев - ММА бойынша әлем чемпионатының күміс алқасы;

Баскетбол бойынша «Атырау барыстары» командасы - ҚР чемпионатының алтын алқасы, жастар;

Райымбек Базарбаев, Нұрасыл Рысбаев - Бүкілресейлік самбо турнирінің күміс алқасы, жастар;

Айдана Махимова, Ғизат Салихов, Қабибек Мұхитов – пумсе бойынша ҚР чемпионатының алтын алқалары;

Үмбет Шакиев – таеквондодан ҚР чемпионатының күміс алқасы;

Әсел Серікова - карате (олимпиадалық нұсқасы) бойынша «А» сыныбы Премьер-Лигасының қола алқасы;

Ержан Ордабаев – мұнайлы елдер арасында бокстан өткен Әлем Кубогының алтын алқасы.

 

Бапкер Қазболат Сатыбалдиев және Нұрлан Домбаев.

Желтоқсан

Олжас Құмар - дзюдодан Н. Перепелкинді еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқасы;

Сәлімжан Сәлімгерей – кикбоксингтен ҚР чемпионатының алтын алқасы, жастар;

Мақсұт Мұхаммедәлі – муай-тайдан Еуразия елдері Кубогының алтын алқасы;

Абат Әмірханов, Камил Жұмағалиев, Құдайберген Жұмабаев және басқалар - WKC каратэ бойынша М.Габдуллинді еске алуға арналған республикалық турнирдің алтын алқасы.

Мейірбек Төлегенов, Исатай Теміров - жекпе-жек бойынша әлем чемпионатының қола алқасы;

Динара Зинуллина - әйелдер арасындағы бокстан М. Хайудиновты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқасы;

Талха Хисмет, Айбар Мұстафин – грамплинг бойынша ҚР Кубогының күміс алқасы, жастар;

Әнуар Сариев, Ғалымжан Махметов – парадзюдо бойынша халықаралық турнирдің алтын алқалары;

Нариман Мұқан, Әбілмансұр Ғалым - самбодан Қ.Табынбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің алтын алқасы, ер балалар;

Аманбек Шершеналиев - ММА бойынша ҚР Кубогының алтын алқасы;

Баскетбол бойынша «Атырау барыстары» командасы - ҚР Кубогының күміс алқасы, ер балалар;

Али Мұратов – муай-тайдан Еуразия Кубогының алтын алқасы, жастар;

Бибігүл Жапашева, Дидар Жеңіс, Ищан Ғалиев, Шыңғыс Кенжебаев – муай-тайдан ҚР Кубогының алтын алқасы.

28 желтоқсан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.