Атырау, 25 сәуір 11:07
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Павлодар мұнай зауытына жаңа басшы келді

2 801 просмотра


Оспанбек Әлсейітов «ПМХЗ» ЖШС-ның бас директоры (басқарма төрағасы) болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының шешімімен «ПМХЗ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Әлсейітов Оспанбек Балтабайұлы 2017 жылғы 22 желтоқсаннан бастап «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің бас директоры (басқарма төрағасы) болып тағайындалды», - делінген зауыттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Еске сала кетсек, Оспанбек Әлсейітов «ПМХЗ» ЖШС бас директоры міндетін атқарушы болып 2017 жылғы 7 қарашада тағайындалған болатын. Сол күні зауыттың бас директоры Данбай Шухрат қызметінен босатылған еді. Оған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың зауытта каталитикалық крекинг қондырғысын іске қосудың кешеуілдегенін қатаң сынға алуы себеп болған.   


Дереккөз: inform.kz

27 желтоқсан 2017, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.