Атырау, 19 сәуір 07:44
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Бұғатталған 22 млрд доллардың салдары қандай болмақ?», «Жылдың саяси келбеті», «90-шы жылдарға қайта ораламыз…», «Қонаевқа не істегенін білесіздер ме?..», «Бауыржан Момышұлы: “Біз мал едік, қараңғы едік” дегенде менің ашу-ызам келеді…».

2 333 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Бұғатталған 22 млрд доллардың салдары қандай болмақ?» - Қазақстанның мұнай мен газ сатудан түскен ақшасы сақталатын ұлттық қор Қазақстан тарихында бірінші рет ресми бұғатталып отыр. Ұлттық қор – ел президентінің тікелей өзіне бағынатын жабық құрылым. Сарапшылардың пайымдауынша, егер қор қызметі ашық жүргізілсе, мұндай мәселе болмас еді.

«ҰҚК-нің запастағы полковнигі шетелден саяси баспана сұрайды» - ҰҚК-нің запастағы полковнигі Елжан Тұрсұмбеков саяси баспана сұрап, Швейцария билігіне өтініш бергенін айтады. Бұған қоса, ол құқық қорғау ұйымдарынан әйелі екеуін Қазақстанда саяси себептермен қудаланған деп тануды сұрайды.

«Арқадағ Түркіменбашыны не үшін дәріптей бастады?» - Түркіменстанның қазіргі билігі елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың қайтыс болған күнін ерекше атап өтті. Гурбангулы Бердімұхамедовтың бұл әрекетіне не себеп болды?

«Қырғызстанда кәсібилік ұлтқа емес, білімге байланысты сыналады» - Бішкектегі "Қырғыз-қазақ достық, қызметтестік байланысы" қоғамының төрағасы Нұрсыдық Жақсығұлов Азаттыққа берген сұхбатында Қырғызстан қазақтарының тарихы мен қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп берді.

ABAI.KZ. «Қытайлықтар Қазақстан азаматын ұрлап кеткен» - «Қала мен Дала» газетінің редакциясына Нұртай Төке атты Қазақстан азаматы арыз айта келген. Ол 2017 жылдың 7 желтоқсанында күйеу баласы Асқар Азатбекті екі елдің ортасына салынған «Қорғас» еркін экономикалық аймағына барған жерінен белгісіз біреулер джип машинасына басып, Қытай жаққа алып кеткенін, содан бері Асқар Азатбектен хабар ала алмағанын жеткізді.

«Жылдың саяси келбеті» - 2017 жыл еліміз үшін жақсылығы мен қиыншылығы, қуанышы мен өкініші, жаңалығы, тосындығы қосқабат алмасқан шақ болды. Міне, үміт пен күдік арпалысқан осы бір уақыт межесінің тарих қойнауына енуіне де бірнеше күн қалды.

365INFO.KZ. «Бауыржан Момышұлы: “Біз мал едік, қараңғы едік” дегенде менің ашу-ызам келеді…» - Төреғалидың дауымен жүріп әйгілі Бауыржан Момышұлының туған күнін елеусіз қалдырдық па, қалай өзі? Қалмауы керек еді, негізінде. Айтылуы керек. Жазылуы керек еді.

«90-шы жылдарға қайта ораламыз…» -  Танымал сәуегейдің алдағы жылға арналған болжамы қандай? Енді санаулы күнде жаңа, 2018-жылды қарсы аламыз. Ендеше, Ит жылында елімізде қандай оқиғалар орын алуы мүмкін? Жалпы, қарапайым халық неге қамдануы, неден сақтануы тиіс?

«Қонаевқа не істегенін білесіздер ме?..» - Желтоқсан оқиғасына қатысушы көзімен көргенін айтты.

EGEMEN.KZ. «Қайран ән, қанатынан қайырылған...» - Сөзімізді ретімен ілгерілету үшін айтылар әңгіменің басын бірден ашып алайық. Қазақ классикалық әндеріне байланысты дәл бүгінгі күнде туындап отырған мәселелер аз емес.

«Қазақ эстрадасы, қайда барасың?!» -  Қазір эстраданы осындай шуылдақ, бейәдеп сарындар бұзуда.


27 желтоқсан 2017, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.