Атырау, 19 сәуір 01:36
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Соңғы үміт президентте?», «Данияр Ақышев: «Біздің мақсатымыз – қаржы жүйесін орнықты дамыту», «Әлем геосаясатында бұрылыстарға толы 2017 жыл», «”Қара алтын” қыспақтан алып шықты», «Қырғыз-өзбек шекара түйіні жыл соңына дейін шешіле ме?».

2 524 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Әлеуметтік желіні шулатқандар» - Биыл олардың істері мен мәлімдемелері интернетте қызу талқыланды, шуға айналды.

«Қырғыз-өзбек шекара түйіні жыл соңына дейін шешіле ме?» - Өзбекстан мен Қырғызстан бұрыннан келе жатқан шекара мәселесінің біразын шешті. Енді олар жыл соңына дейін соңғы түйткілді шеше ала ма?

«Жээнбековтің екінші ресми сапары Қазақстанға арналды» - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Өзбекстаннан кейін Қазақстанға ресми сапармен келуін сарапшылар салқындықтың салдарын айықтыру қадамы ретінде бағалайды.

EGEMEN.KZ. «Данияр Ақышев: «Біздің мақсатымыз – қаржы жүйесін орнықты дамыту» - Ұлттық Банк 2018 жылы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, айырбастау бағамын нарықтық тұрғыдан қалыптастыруға, кредиттеуді жандандыруға, қаржы секторындағы тәуекелдерді төмендетуге бағытталған саясатты іске асыруды жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр АҚЫШЕВ «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтып берді.

QAZAQTIMES.COM. «Әлем геосаясатында бұрылыстарға толы 2017 жыл» - Бұл жылда халықаралық геосаясатта бірқатар ауқымды өзгерістермен бірге, жаңа бастамалар көтерілді. Саяси аренада жаңа тұлғалар мен көшбасшылар пайда болды. Әлемнің кейбір аймақтарындағы шиеленістер шешім тапса, кейбір өңірдің қайшылығы ушығып, тұтас әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатерлерді де күшейте түсті. 

QAMSHY.KZ. «2017 жылы дүние салған қазақтың қайталанбас тұлғалары» - 2017 жыл қазақстандықтар үшін қуанышымен бірге, қайғысын да қоса әкелді. Қазақ өнері мен мәдениетіне үлес қосқан белді азаматтар өмірден озды.

RATEL.KZ. «Соңғы үміт президентте?» - Сөз бостандығын қорғаудың «Әділ сөз» халықаралық қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға вето қою туралы өтінішпен жүгінді.

«Бердібек Сапарбаев: Қыздар жігіттерді сабайтын заман болды» - Ақтөбе облысының басшысы жастар арасында жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Ұлтқа қалай қызмет қып жүрміз?» - Кеудесіне нан пісе бастаған студентіне журфактың деканы Темірбек ҚОЖАКЕЕВ: "Толмаған Толстой, болмаған Бальзак!" - деп, бүкіл курстың алдында жекитін еді. Онысы - бірер өлеңі немесе әлдебір мақаласы газетке шығып, танауын таңқита бастаған студентті "тәубәсіне түсіріп" қоюдың амалы еді.

AIKYN.KZ. «”Қара алтын” қыспақтан алып шықты» - 2017 жылмен экономикамызға ауыр соққан кезеңдер артта қалғандай әсерде қош айтыспақпыз. Өйткені әлеуетімізді әлсіреткен соңғы әлемдік дағдарыстан еліміз енді ғана еңсе көтеріп келеді. Дүниежүзілік банк қазіргі ахуалымызды сараптай отырып, «Қазақстанның алға жылжуына тағы да мұнай бағасының өсімі әсер етті» деген қорытынды жасады. 

«Құддыс қаласы: әлем неге қақ жарылды?» - Таяуда АҚШ президенті Дональд Трамптың, әлемдік қауымдастықтың ескертуіне қарамай, үш мың жылдық шежіресі бар қасиетті Құддыс қаласын (Иерусалимді) Израильдің астанасы ретінде мойындауы жарты әлемді есінен тандыра жаздады.

365INFO.KZ. «Сол керек саған…» -  Төрештің намысына тиген қандай сөз?


26 желтоқсан 2017, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.