Атырау, 19 сәуір 15:21
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

Сурет
3 827 просмотра

ПАРАДЗЮДО

Анкарада парадзюдодан халықаралық турнир өтті. ҚР құрамасы 2 алтын мен 2 күміс ұтып алды. 

Атыраулық спортшылар мейлінше зор үлес қосты: Әнуар Сариев (60 кг дейін) пен Ғалымжан Махметов (90 кг дейін) турнир жеңімпазы болса, Дәулет Теміржан (73 кг дейін) күміс алқаға ие болды.

***

ДЗЮДО

2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында ел чемпионаты үшін облыс құрамасына іріктеу мақсатында облыстық біріншілік өтті.

Өз салмақ дәрежелері бойынша Ерасыл Әнесов, Әділет Тынышқалиев, Махамбет Рахмет, Мақсат Әбдірахманов, Нұрбек Сағынғалиев, Ринат Қосжанов, Әділет Сапарғалиев, Сайфолла Сағидолла және Наурызхан Шамғонов жеңімпаз атанды. Спортшыларды облыстық жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Болат Жұмабаев жаттықтырады.

***

Өскеменде М. Чегеевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Атырау құрамасы 4 қола алқа жеңіп алды: Айболат Ыстыбай (66 кг дейін), Ержан Теміржанов (73 кг дейін), Айзада Алмаз (52 кг дейін) және Шынар Сүйіндікова (78 келіден жоғары).

***

ДОЙБЫ

«Мұнайшы» спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған қала біріншілігі өтті.

Турнир қорытындысы бойынша Мақсат Өтеғұлов 1-орын, Бекарыс Жұмалиев (Азия чемпионатының жүлдегері) 2-орын, Дарагүл Жұмалиева 3-орын алды.

***

САМБО

Атыраулық самбошылар Орынбор облысының Соль-Илецк қаласында өткен Кеңес Одағының Батыры В. Александровты еске алуға арналған XVII турнирде қоржындарын жүлдеге толтырып қайтты.

Алтын алқа Мәдениет Құлмановқа, күміс Әділет Хисаповқа, қола Сырым Байғалиевқа бұйырды.

***

Атыраулық спортшылар ҚР тұңғыш президентіне арналған республикалық жасөспірімдер турнирінде лайықты өнер көрсетті.

Хиса Мансұр (28 кг дейін) мен Мұқан Нариман (30 кг дейін) жеңімпаз болса, Базарбай Расим, Асылхан Кереев және Шұғылпан Нұртілек жүлдегерлер атанды. Спортшыларды бапкерлер Б. Қошқаров, А. Ғалымұлы, К. Табынбаев, А. Азимов және Д. Болатбекұлы дайындады.

***

Атырауда жасөпірімдер арасында ҚР Еңбек сіңірген бапкері К. Табынбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Өз салмақ дәрежелері бойынша Нариман Мұқан мен Әбілмансұр Ғалым жеңімпаз атанды, жүлдегерлер - Айболат Орынғалиев, Қазыбек Аңсаған, Ерасыл Удреев, Райымбек Базарбаев, Нұрбол Тілегенов және Саадат Қарақұлов.

***

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауылында 2002-05 жылғы жасөпірімдер арасында ҚР Тәуелсіздігі күні және ҚР Еңбек сіңірген бапкері Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған 9-шы аудандық және 2-ші республикалық турнир өтті.

25 кг дейінгі салмақта атыраулық палуан Әли Сағынтаев 4 рет жеңіске жетіп, 2 мәрте ұтылып қалды. Нәтижесінде 4-орын мен «Жеңіске жігері үшін» арнайы жүлдесіне - 5 000 теңгеге - ие болды. Оның Атырау құрамасындағы досы Темірлан Бағыт (34 кг дейін) 4 мәрте жеңіске жетіп, бір рет ұтылып, 3-орынды місе тұтты.  Спортшыларды бапкерлер Махамбет Садықов пен Батырбек Баймұратов дайындады.

***

ММА

Семейде ММА бойынша Қазақстан Кубогы өтті. Атыраулықтар жеңіл салмақ дәрежесі бойынша алқалар жиынтығын алып қайтты.

52 кг дейінгі салмақта біздің палуан Абылай Көргенев жартылай финалға шықты. Онда алматылық Нұрмолда Аршын қылғындыру тәсілін қолданып, палуанымыз ұтылып, қола жүлдеге ие болды. 65 кг дейінгі салмақта Джахар Шапхатов күміс алқа алды. Ал ең табыстысы - Аманбек Шершеналиевтің жекпе жегі болды. Ол финалдық жекпе жекте жеңіске жетіп, ҚР Кубогын жеңіп алды.

***

БАСКЕТБОЛ

Қостанайда 2001-02 жылғы жасөспірімдер арасында баскетболдан Бүкілодақтық санаттағы төреші К. Оспановты еске алуға арналған ҚР Ашық Кубогы өтті.

Қазақстан мен Ресейден 8 команда қатысты. Матчтар өте тартысты өтті. Нәтижесінде бірінші орынды алаң иелері, екінші орынды - «Атырау барыстары», үшінші орынды - Орск командасы алды. Атырау ойыншылары: шабуылшы - Нұрасыл Өтегенов пен қорғаушы Ернар Жексенбаев турнирдің үздік ойыншылары деп танылды.

***

МУАЙ-ТАЙ

Бакуде жастар арасында (14-15, 16-17 жас) Еуразия кубогы өтті. ҚР муай-тай Федерациясы 8 спортшыны қатыстырып, олардың бәрі 5 алтын, 2 күміс, 1 қола алқа алып қайтты.

Алтын алқалардың бірі – атыраулық Әли Мұратовтың еншісінде. Финалдық жекпе-жекті ол айқын қарсы шабуыл тәсілімен өткізіп, екінші раундта бәсекелесін нокаутқа түсірді.

* * * * *

Муай-тай бойынша ҚР Кубогы өткен Астанадан облыс құрамасы қоржындарын алқаға толтырып қайтты. 

«Қайсар» спорт клубының шәкірттері 4 алтын (Бибігүл Жапашева, Дидар Жеңіс, Ищан Ғалиев, Шыңғыс Кенжебаев), 3 күміс (Гүлайым Таңатарова, Айымгүл Асанова, Бауырбек Мұxанжан) және 5 қола (Айда Хайруллина, Еламан Ушекенов, Дидар Болатов, Бейбіт Ибишев, Жұмабек Тілекбаев) алқа иеленді. Көп уақыт өтпей команда муай-тай отаны – Таиландқа оқу-жаттығу жиынына кетті.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


21 желтоқсан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.