Атырау, 23 сәуір 22:29
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев дүниеден озды

2 404 просмотра

Кеше, 15 желтоқсанда 76 жасында қазақ футболының және "Қайрат" футбол клубының аңызы Тимур Сегізбаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тимур Санжарұлы 1941 жылы Семей өңірінде өмірге келіп, футбол мектебін Алматыда тәмамдаған еді. 1958-1970 жылдар аралығында алматылық "Қайрат" сапында 200-ден аса ойын өткізді.  Ол алматылық клубтың құрамында керемет ойынымен көзге түсіп, жанкүйерлердің жүрегін жаулап алған болатын. 

Халық мақтанышына айналған футболшының КСРО чемпионатында соққан голдары ел есінде мәңгі сақталды. Тарих беттеріне жазылған сол ойындардың бірі Мәскеуде өткен еді. Тимур аға сол күні жергілікті «Спартактың» қақпасына қос гол соғып, Қазақ футболының абыройын көкке көтерді.  Тимур Санжарұлы - КСРО Спорт шебері, ҚазССР және ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Мемлекеттік спорт қайраткері, ҚР ҰОК-нің орден иегері.

"Қазақстан Футбол Федерациясы, футболшылар мен бапкерлер, ардагерлер мен төрешілер, барлық футбол қауымдастығы Тимур Санжарының тума-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады", - делінген естіртуде.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 желтоқсан 2017, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.