Атырау, 19 сәуір 00:54
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Халық банкі Қазкоммерцбанкпен біртіндеп бірігетін болды

2 346 просмотра


Халық банкінің директорлар кеңесі Қазкоммерцбанкпен бірігуді кезең-кезеңімен жүзеге асыруды мақұлдады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Халықаралық кеңесшілермен біріккен алты айлық ауыр жұмыстан кейін біз бірігудің әлеуеті көлемі жағынан да, Қазақстан экономикасына және бұған қатысы бар елдер үшін де ауқымды екендігін біз сеніммен айта аламыз. Банктердің бірігуі топтың ары қарай дамуының ең тиімді нұсқасы», – дейді бұл оқиға туралы Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Қазкоммерцбанкті Халық банкіне қосу бірқатар үрдістерден өтіп, Ұлттық банк келісім бергеннен кейін жүзеге асады. Бұл үшін алдымен екі қаржы институтының сервистік және технологиялық дайындығы жасалуы тиіс. Бұған өнімдер, банктік үрдістер мен ІТ жүйенің және банктік инфрақұрылымның бірігуі кіреді.

«Бірігу кезінде екі банктің барлық қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуіне басымдылық беріледі», делінген банктің баспасөз хабарламасында.

Дереккөз: 7kun.kz

15 желтоқсан 2017, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.