Атырау, 25 сәуір 05:03
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мұздан екі бала құтқарылды

3 401 просмотра

Көрнекі сурет

Еңбекші ауылдық округіне қарасты Дәулеткерей ауылы тұрғындары Сурхан өзенінде әлсіз мұзда ойнап, суға кеткен  екі баланы құтқарып алды.

Жуырда 12 жастағы Мейрам ЖАСҰЛАНОВ пен Ғапу ЖҰМАБЕКОВ мұз үстіне ойнауға шығып, мұз ойылып, суға кетеді. Жүзіп білетін  Мейрам қалыңдау мұзға жармасып, Ғапуға өзінен ұстап тұруға кеңес беріп, айқайлап көмек сұрайды.

-Біз айқай салған балалардың дауысын естідік, Рамазан Сапаровпен бірге қайығымыздың кем-кетігін жөндеп, майлап жатқанбыз. Ойланып жатпастан қайықты өзенге түсіріп, моторын орнатып, дауыс шыққан жерге тарттым. Балаларды кезек тартқыштап, қайыққа мінгізіп алдым,- дейді 28 жастағы Мырзабек ЖАНБОЛАТҰЛЫ.

Жедел жәрдем шақыртылып, балаларға дәрігерлік көмек көрсетілген.

- Адамдар дер кезінде бармағанда суықтан аяқтары құрысып, балалар ажал құшуы мүмкін еді. Жәрдемдескен адамдарға алғысым шексіз,- дейді құтқарылған балалардың бірінің әкесі Ғали ЕСКЕНДІРОВ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 желтоқсан 2017, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.