Атырау, 25 сәуір 18:43
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«ЭкспоКредит» банкінің қожайыны ауысты

1 417 просмотра


Ресейлік бизнесмен Игорь Ким «ЭкспоКредит» банкін ZIM Capital инвестициялық компаниясына сатты, деп хабарлайды банктің сайты.

«Банк ЭкспоКредит» АҚ және «ZIM Capital» АҚ арасындағы 100 пайыз банк акциясының сатылуы туралы келісім-шартқа сәйкес, «ZIM Capital» АҚ банктің жалғыз акцонері болды», -деп  хабарламада жазылған.

Келісімді ҚР Ұлттық банкі мақұлдаған.

«Банк акционерінің өзгеруі банк пен клиенттер арасындағы келісімдерге әсер етпейді. Акционер барлық банк өнімдері мен қызмет көрсету сапасын өзгертуге тырыспайды»,- делінген хабарламада.

ZIM Capital инвестициялық нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Компания жеке және корпоративтік инвесторларға қазақстандық және халықаралық қор нарығында қызмет көрсету мен сараптамалық қолдаумен айналысады. Компания сайтында көрсетілгендей ZIM Capital-дың акционерлері Ербол Орынбаев, Евгений Пан пен Рустем Хамзин.

Айта кетейік, ресейлік бизнесмен Игорь Ким 2016 жылы Royal Bank of Scotland (RBS) банкінің Қазақстандағы еншілесін сол жылдың жазында сатып алып, кейін атын «ЭкспоКредит» деп өзгерткен еді. «ЭкспоКредит» банкі 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында актив көлемі бойынша 33 қазақстандық банк арасында 31 орынға тұрақтаған.

Дереккөз: 7kun.kz

15 желтоқсан 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.