Атырау, 19 сәуір 03:35
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Молдованың ресми тілі болып румын тілі жарияланды

3 282 просмотра


Молдова билігі мемлекеттік тілді молдован тілінен румын тіліне ауыстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Интерфакс сайтына сілтеме жасап.

Молдова билігі Конституцияда ресми тілді молдован тілінен румынға ауыстыру туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасына сәйкес, Конституцияда латын графикасының негізіндегі молдован тілі румын тіліне ауыстырылды.

Осыған дейін Молдова соты Конституцияда ресми тілді өзгерту туралы шешімді қолдады. Лингвистердің айтуынша, румын және молдован тілдері өзара ұқсайды. Бірақ, осы күнге дейін кей маман молдован тілін шығыс-роман тілдері тобына жатқызып келеді.

Молдован және румын тілдері арасындағы айырмашылықтар алғаш ХІХ ғасырда біліне бастады. КСРО кезінде бұл айырмашылықтар көбейе түсті. Алайда 1950 жылдары кері процесс жүріп, молдован және румын тілдері бір-біріне ұқсай бастады.

Дереккөз: baq.kz

15 желтоқсан 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.