Атырау, 24 сәуір 10:41
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Иракта ДАИШ-пен байланысы бар деген 38 адам атылды

2 172 просмотра


Ирактың Әділет министрлігі елдің оңтүстігінде ДАИШ террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған - Авт.) бұрынғы 38 содырының өлім жазасы орындалғанын мәлімдеді. Бұл туралы The Independent хабарлап отыр. 

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Ирак түрмелерінде ДАИШ-пен байланысы бар деген айыппен ондаған мың адам отыр. Елдегі заң бойынша, күдікті экстремистік ұйыммен қатысы болған жағдайда не өлім жазасына кесіледі, не өмір бойына бас бостандығынан айырылады.  Human Rights Watch құқыққорғаушылары осы айдың басында бұрынғы содырлаға қатысты өлім жазасын беруде процестік нормалар бұзылатынын - айыпталушыларға бірінші инстанциядағы соттың шешіміне шағым түсіруге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген. Билік өкілдері өз кезегінде сотталушыларға апелляция беруге барлық мүмкіндік жасалғанын айтты. Lenta.ru мәліметінше, содырлардың бұған дейінгі өлім жазасын орындау жағдайы 25 қыркүйекте болған. Сол кезде 42 сотталушының өлім жазасы орындалған.  Мұның алдында Ирак сарбаздары Синджар қаласының маңында, елдің солтүстік-батысында 140 бейбіт тұрғынның мүрдесін тапқаны хабарланған, олардың ішінде балалар мен әйелдер де болған.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 желтоқсан 2017, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.