Атырау, 25 сәуір 20:59
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар – СІМ

2 153 просмотра


ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үмітте. Бұл туралы бүгін СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі естеріңізде шығар. Консулдық қызметтің, елшіліктің көмегімен бүгінгі күні Қазақстан азаматы Тұрлыбайдың ісі қайта қаралып, жоғары инстанцияға апелляция беріліп, Қытайдың сот органдарымен келіссөздер жүргізілді. Біз аталған іс оң шешім табады деген ойдамыз. Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар", — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай осыдан үш жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Әлдебір таныстарының өтінішімен Малайзияға тауар жеткізуге кеткен қыздың сөмкесінен есірткі шыққан. Кейін қазақстандық бойжеткен есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: sputniknews.kz

14 желтоқсан 2017, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.